Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 24 қыркүйек күні «Ашық есік күні» шарасын онлайн форматта өткізеді. Қатысуға ниет еткен әр адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.
Іс-шараның тақырыбы – «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді». Негізгі мақсат – жинақтау мәдениеті және өзінің болашағына деген қамқорлық.
Іс-шараның қонақтары колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар болуы тиіс.
Жастар тобын таңдау кездейсоқтық емес, өйткені, биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнді. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайды, алайда болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда қомақты зейнетақы алуға мүмкіндіктері бар.
Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатысады. Бұл шамамен 40 жыл. Олардың көпшілігі ресми жалақы мен жұмыс берушімен жасалған еңбек шартына қоса тұрақты жарналардың олардың болашақта табысқа жетуінің кепілі екендігін түсінеді.
Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты өзге де мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйекте сағат 10:00-да өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eea8c4af4f2cd99b78a59054433a088b5
бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2514 058 2026 және event-мәжіліс паролін 123456 енгізіңіз.
Біз сіздерді күтеміз!