Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 25 шілде 2021 жыл
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының әкімін тіркеу туралы
Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі Ақшұқыр ауылы әкімі сайлауының қорытынды хаттамасы негізінде Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 27 шілдедегі №03 шешімімен Ақшұқыр ауылының әкімі болып Жәнібек Еркебұлан Қуатұлы тіркелді.
Жәнібек Еркебұлан Қуатұлы 1989 жылы туған, «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ауылдық округ әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылдық округінің тұрғыны, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қазақ.
Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы