Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру,
- Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжат қабылдау
Осы қызметтер бойынша ақпараттандыру барысында дөңгелек-үстел Ақшұқыр ауылдық спорт кешенде 22/02/2020ж. күні өткізілді. Дөңгелек үстелге 5 адам қатысты. Қойылған сауалдарға жауап беріліп, қызмет көрсетудің жұмыс барысы түсіндірілді.


