Түпқараған ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
2020 жылдың қаңтар айының есебіне
талдамалық анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне 30.09.2019ж №726 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 91 мемлекеттік қызмет түрі, оның 58 қызмет түрі электрондық форматта көрсетілуі негізделген.
2020 жылдың қаңтар айының нәтижесі бойынша Түпқараған ауданы әкімдігімен нақты 39 (эл.-16) мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1729 (эл.- 435) қызмет көрсетілген.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді 5 ауыл, 1 қала әкімдіктері, 7 құрылымдық бөлімдер және бөлімдерге қарасты мекемелер (білім саласында-32, жұмыспен қамту -1, ветеринария-1, спорт -2) көрсетеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының есептік мәліметінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -1729 оның ішінде:
Мемлекеттік органмен көрсетілген қызмет саны – 765 немесе 44,2 %
Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызмет саны - 529 немесе 30,6 %
Электрондық түрде көрсетілген қызмет саны (ПЭП)- 435 немесе 25,2 %
Қаңтар ай бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызмет түрі –39, оның ішінде:
Мемлекеттік органмен – 13
Мемлекеттік корпорациямен – 15
Электрондық үкіметтің веб-порталы –16 (11)
Қала, ауыл мен ауылдық округ әкімдіктері арқылы
көрсетілген қызмет саны –4 , қызмет түрі – 1
Ақшұқыр- 3 С.Шапағатов-0 Форт-Шевченко-1
Баутин-0 Таушық-0 Қызылөзен-0
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, барлығы – 35. Оның ішінде:
-электрондық түрде берілген-18 (жеке тұлға-15, заңды тұлға-3)
-қағаз түрінде берілген-17 (жеке тұлға-16, заңды тұлға-1)
Түпқараған ауданы әкімінің 2019 жылдың 20 желтоқсан №58 өкімімен 2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және ҚР-ның өзге де заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына 16 бақылауға жататын объектілер енгізілді.
Аталған іс-шара жоспары а.ж. ақпан айынан бастап жүргізіледі.
2020 ж. қаңтар айында мемлекеттік қызметтердің 16 түрі электрондық форматта көрсетілді. Көрсетілген қызмет саны 435. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 25,2 пайызды құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қаңтар айында 10 іс-шара (жиналыс-2,түсіндірме шарасы-8) өткізіліп, түсіндіру жұмыстарына 250 адам қамтылды.
Б. Кенжалиев А. Муратова8/72938/22639