Түпқараған ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2019 жылдың 12 айы бойынша
атқарылған жұмыстарға талдамалық анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне 30.09.2019ж №726 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысына сәйкес, 91 мемлекеттік қызмет түрі, оның 58-і электрондық форматта көрсетілуі негізделген. Оның ішінде: 1 қала, 5 ауыл мен ауылдық округі әкімдіктері және 7 бөлім арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Ведомстволық бағынысты мекемелері:
Білім саласы – 32
Жұм.қамту – 1,
Вет.станция - 1
Спорт-2
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының есептік мәліметі бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -25636 оның ішінде:
Мемлекеттік органмен көрсетілген қызмет саны – 15769 немесе 61,5 %
Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызмет саны - 4414 немесе 17,2 %
Электрондық түрде көрсетілген қызмет саны (ПЭП)- 5453 немесе 21,3 %
12 ай бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызмет түрі –64, оның ішінде:
Мемлекеттік органмен – 27
Мемлекеттік корпорациямен – 28
Электрондық үкіметтің веб-порталы – 23 (9)
Қала, ауыл мен ауылдық округ әкімдіктері арқылы
көрсетілген қызмет саны –3670 , қызмет түрі – 3
Ақшұқыр-1 946 С.Шапағатов-596 Форт-Шевченко-12
Баутин-1110 Таушық-6 Қызылөзен-0
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, барлығы – 350. Оның ішінде:
-электрондық түрде берілген-188 (жеке тұлға-167, заңды тұлға-21)
-қағаз түрінде берілген-162 (жеке тұлға-157, заңды тұлға-5)
2019 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша орын алған мерзім бұзушылықтар:
1(Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру) Аудан әкімінің орынбасарына әкімшілік айыппұл.20 МРП
Мектеп директорына және білім бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілді.
Түпқараған ауданы әкімі аппараты басшысының 2018 жылдың 19 желтоқсан №36 бұйрығымен 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бекітілген іс-шараға сәйкес 24 ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 934 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бұзушылықтар анықталды.
Оның ішінде:
Желтоқсан айының ішкі бақылау шарасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлескен түрде жүргізілді.
Аталған бұзушылықтар бойынша ішкі бақылау кезінде аудан әкімі аппаратының мамандары сол мезетте қызметкерлерге стандарт талаптарын түсіндіре отырып, әдістемелік көмектер көрсетілді және қазіргі таңда артық алынған құжаттар өтініш иесіне жазбаша түрде кері қайтарылып, толық емес құжаттар қатары толықтырылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қолданылған тәртіптік жазалар саны- 4 адамға «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған берілген ұсынымдар саны-155 оның 73 ұсынысы толығымен орындалды.
Маңғыстау облысы әкімінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 22 өкіміне сәйкес Электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыруға бағытталған іс-шара жоспары бекітілген.
2019 ж. бойынша мемлекеттік қызметтердің 23 түрі электрондық форматта көрсетілді. Көрсетілген қызмет саны 5453. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 21,3 пайызды құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына Түпқараған ауданы әкімінің атына арыз-шағымдар түспеген.
Алайда, ауданға қарасты С.Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппаратына-1, жұмыспен қамту, әлеуметттік бағдарламалар және АХАТ бөліміне-2 қатысты жоғарғы тұрған органдарға барлығы -3 қызмет алушыдан шағым түскен.
Түпқараған ауданы әкімінің жұмыспен қамту орталығы КММ директоры Р.Жақсылыққа «ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілді. 03.12.2019ж № 41ш/қ.
Бөлімнің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік көмекпен төлемдер тағайындаудың бас маманы С.Аденоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілді. 03.12.2019ж №40
Заңнама талаптарының бұзылуына жол берген «Сайын Шапағатов селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Е. Жәнібекке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. 27.09.2019ж Өкім №63 нқ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жыл бойына 117 іс-шара (жиналыс-3, дөңгелек үстел-18,түсіндірме шарасы-49, әдістемелік көмек-1,цифрлық сауаттылыққа оқыту семинары-23, семинар-кеңес-9, мерекелік шара-1,жәрмеңке-3, «ашық есік»-10) өткізіліп, түсіндіру жұмыстарына 5072 адам қамтылды.
Б. Кенжалиев А. Муратова8/72938/22639