Ашық есік күні

«Ашық есік күні»

Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні Қызылөзен ауылы әкімінің аппаратында «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күнінде» ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында www.egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу жолдары көрсетілді. Шараға қатысқан ауыл тұрғындарына «өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қажетті анықтамаларды аз уақыт ішінде алуға болатындығы жөнінде түсіндіріліп, алу жолдары үйретілді. Ең қарапайым анықтамаларды алу үшін аудан орталығындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінбей-ақ ауыл әкімі аппаратында орналсақан бұрыш арқылы алуға болатындығы жөнінде кеңес берді. Шараға 20 дан астам ауыл азаматтары қатысты.

Дата публикации
14 февраля 2020