Ақпарат
2020 жылдың 13 қаңтар күні сағат 14.00-де, Таушық ауылы Мәдениет үйінде «Таушық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Даншабаев, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері келді. Таушық ауылының тұрғындарына «Бақытты отбасы» бағдарламасы туралы ақпарттар айтты. «Бақытты отбасы» бағдарламасы қандай отбасыға тиісті екенін, облыс немесе аудан орталықтарындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, жеке электронды цифрлық қолтаңбаңызбен жергілікті ауыл әкімдігінің ғимаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасына тіркелуге болатындығын түсіндірілді. «eGov mobile» – мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың мүмкіндіктері мен тәсілдері туралы» түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмысына – 27 адам қатысты.

