Түсіндірме шарасы. Қызылөзен ауылы

Түсіндірме шарасы

А.ж. 21 қаңтары күні Қызылөзен ауылының әкімі Ө.Ермекбаев ауыл тұрғындарының алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Ауыл әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, жауаптар берілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жасалынып жатырған жұмыстардың ішінде  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша баяндама жасап, слайдтар көрсетілді.

Осы орайда, ауыл әкімі тұрғындардың назарына қарапайым анықтамаларды алу үшін аудан орталығындағы ХҚКБ-не жүгінбей-ақ, ЭЦҚ арқылы ауыл әкімі аппаратында арнайы ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы алуға мүмкіндік барын айтты.

Түсінік жұмысына 120 адам қатыстырылды.

Дата публикации
21 января 2020