Түсіндірме жұмысы
2020 жылдың 16 қаңтар күні сағат 11.00-де, Таушық ауылы Мәдениет үйінде «Таушық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Электрондық үкімет веб – парталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың мүмкіндіктері мен тәсілдері туралы» түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында тұрғындарға «Еgov» электронды порталының тиімді тұстарын айтты. Яғни облыс немесе аудан орталықтарындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ дербес компьютер мен ноутбук, мобильді құрылғылар, Интернет желісін сенімді пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелері, үйден шықпай-ақ «онлайн» түрде қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға болатынын түсіндірді.

