Жиналыс
Мемлекеттік қызмет көрсету- бұл еліміздің әлеуметтік –экономикалық дамуының негізі.
А.ж. 22 қаңтары күні Түпқараған ауданында Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімімен мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі мен Заңдылықтарын талқылау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында мемлекеттік органдардың басшылары мен қала, ауыл әкімдеріне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандар мен мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиев пен аппарат басшысы Б. Кенжалиев қатысты.Аталған жиналысты Т.Алтынғалиев ашып, 2019 жылда атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Одан әрі сөз кезегін облыстың мониторинг бөлімінің басшысы А.Сарсенбаева алып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Заң талаптарындағы әр бапқа жеке-жеке тоқталып, баяндама жасап, арнайы слайдтар көрсетілді.Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет деп санады. Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы-мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.
Сонымен қатар, А.Сарсенбаева электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсетун жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде тапсырмаларды жүктеді.






