Түсіндірме шарасы
Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімдігінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың өзгерістері жөнінде түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Түсіндіру жұмысын Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қ.Е.Нурмамедова жүргізді. Іс-шараға Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы С.А.Әденова, Түпқараған ауданы әкімінің халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі ассистенті А.Оспан, консультанты А.Қанатбаева қатысты.
Атаулы әлеуметтік көмектің түсіндіру шараларына Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімдігінің мамандары қатыстырылып, халыққа АӘК тағайындау жөнінде өзгерістерімен таныстырылды.