Түсіндірме шарасын өткізді

Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, спорт саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» және «балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіру шарасын өткізді.

Аталған шара Түпқараған аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде а.ж. 20 қаңтары күні өткізілді. Шара барысында қойылған сауалдарға жауап беріліп, қызмет көрсету барысы бойынша түсіндіріліп, ақпараттар жеткізілді.

Дата публикации
20 января 2020