Жиналыс

            Түпқараған ауданы әкімі аппаратында  а.ж  17 қаңтары күні ауданға қарасты бөлімдер мен қала, ауыл әкімі аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарының қатысуымен 2019 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста аппараттың жауапты мамандары арнайы дайындалған слайдтар арқылы жүргізді. Жиналыс барысында әдістемелік көмектер көрсетіліп, сұрақ-жауаппен алмастырылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңы түсіндіріліп, тапсырмалар берілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымды болдырмау мақсатында қызмет алуға жүгінген азаматтарға түсіндірме шараларын үнемі ұйымдастыруды, басшылар тарапынан бақылауға алуды жүктеді.       Сонымен қатар, 2020 жылы электрондық қызмет түрлерін 90% арттыру жөніндегі шараларды жалғастырып, қызмет санының артуына үлестерін барынша қосуды сұрады.

            Өткізілген жиналыста хаттамалық тапсырмалар беріліп, бақылауға қойылды.

Дата публикации
17 января 2020