Ағымдағы жылдың 16 қаңтары күні Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының жауапты мамандарымен «Каспий коммуналдық қызметі» мекемесінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтердің түсіндірме шарасы өткізілді. Аталған шарада, мемлекеттік қызметтер Тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беріліп, қызметтерді алу жолдары түсіндірілді. Ең қарапайым анықтамаларды egov mobile, telegram-bot, facebook т.б мобильді қосымшалар арқылы алу жолдары көрсетілді. Азаматтар қызығушылықтар танытып, ұялы телефондарына жүктеп және оның өте тиімді екеніне риза болды.


