Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2020 жыдың 12 айдың қорытынды есебі

Түпқараған ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

         "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 84 мемлекеттік қызмет түрі, оның 68 қызмет түрі электрондық форматта көрсетілуі негізделген.

         2020 жылдың қорытындысы бойынша Түпқараған ауданы әкімдігімен нақты 65 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 16295 (эл.-9099) қызмет көрсетілген.

         Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді 5 ауыл, 1 қала әкімдіктері, 7 құрылымдық бөлімдер және бөлімдерге қарасты мекемелер (білім саласында-32, жұмыспен қамту-1, ветеринария-1, спорт-2) көрсетеді.

        Ағымдағы жылдың  есептік мәліметінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 16295 оның ішінде:

Мемлекеттік органмен көрсетілген қызмет саны- 4181 немесе 26 %

Мемкорпорация арқылы көрсетілетін қызмет саны- 3015 немесе 18 %

Электрондық түрде көрсетілетін қызмет саны (ПЭП)- 9099 немесе 56%

 

         2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызмет түрі - 65, оның ішінде:

Мемлекеттік органмен - 31

Мемлекетті корпорациямен - 22

Электрондық үкіметтің веб-порталы –12 (35)

 

Қала, ауыл мен ауылдық округ әкімдіктері арқылы көрсетілген қызмет саны – 164, қызмет түрі – 5

 

Ақшұқыр-63                     С.Шапағатов-91             Форт-Шевченко-9

Баутин-1                            Таушық-0                       Қызылөзен-0

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, барлығы – 708.
Оның ішінде:

-электрондық түрде берілген – 546 (жеке тұлға – 481, заңды тұлға – 65)
-қағаз түрінде берілген – 162 (жеке тұлға – 150, заңды тұлға – 12)

         «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойыншат әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет есебі бойынша ақпан айында 890 өтініш мемекеттік корпорация арқылы келіп түсіп, оның ішінде 43 өтініш стандартта көрсетілген талапқа сай келмеуіне байланысты кері қайтарылды деп көрсетілді.2020 жылдың 6 сәуір күні қайта нақтылау жүргізіліп, ақпан айында келіп түскен өтініштер саны - 824, кері қайтарылғандар саны – 43 екендігі анықталды.

          «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік корпорация арқылы шілде айында көрсеткіші 0 деп берілді, 34 өтініш қосылмай қалғаны анықталып, есептік көрсеткіштері өзгертілді.

          

         Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылы 30 қыркүйектегі №726 қаулысына сәйкес,  «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату», «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін жекеменшікке сатып алу-сату шарттарын жасау», «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Сауда-саттықта (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметтері функция ретінде көрсетіліп келді.

       «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі туралы» 31.01.2020 жылғы №39 бұйрығына сәйкес (625-9,625-10) мемлекеттік қызметтері тізілімнен алынып тасталды.

        "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес  625-7,625-8 қызметтері 617- «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» болып біріктірілді.

         

      Аталған  және көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша көрсеткіштері есептік нысанда көрсетілмеді. Себебі, НҚА-лары жер заңнамаларымен сәйкес келмейді. Бірақ көрсеткіштері (функция ретінде көрсетілгені) ай сайын Маңғыстау облысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің мониторингі  бөліміне қосымша ұсынылып келді.

      2020 жылы 19 қазандағы  «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласының қызметтерін көрсетуде өзекті мәселелерді талқылау бойынша өткен семинар-кеңестің»  №10-03/4 хаттамасының 2.1. тармағына сәйкес, функция ретінде көрсетілген жер саласының қызметтерінің көрсеткіштері қаңтар айынан бастап есептілікке енгізілді.

          

           91 - «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжат қабылдау» қызметі бойынша 24.06.2020 жылы №264 бұйрықпен НҚА-сы бекітілді. Қаңтар-маусым айларында функция ретінде көрсетіліп, шілде айында қызмет түрінде көрсетілді. Көрсеткіштері есептілікке енгізілді.

        2020 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қоғамдық мониторинг» әлеуметтік жобасына қаражат бөлініп, «Түпқараған жастары» үкіметтік емес ұйымы ұтып алды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қоғамдық мониторингке 500000 теңге қаражат қарастырылған. Зерттеу мамыр-желтоқсан айларында жүргізіліп, 9 мемлекеттік қызмет түрін қамтыды.  Сұхбаттасқан респондеттер саны – 1047. Мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі – 100 %. Қоғамдық мониторингтің қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар:1.Мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарды желіге сапалы түрде жариялау.                            2.Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын көбейту.  3.Сервистік әкімдік ашу. 

Қоғамдық мониторинг жүргізілген қызмет түрлері:

  1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу»
  2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
  3. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
  4. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»
  5. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  6. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»
  7. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»
  8. «Балалар–жасөспірімдер спорт мектептеріне , мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау»
  9. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2020 жылдың 12 айында  77 іс- шара (жиналыс-5, ашық есік күні -3, дөңгелек үстел -2,  түсіндірме шарасы -35, әдістемелік көмек -1, және әлеуметтік желілерге ақпарат -18, семинар-2, блиц-тренинг-1, тәжірибе алмасу – 6, мақала -3) өткізіліп, түсіндіру жұмыстарына 1553 адам қамтылды.

Саны

Күні

Іс шара атауы

Қатысқан адам саны

Түсіндірме шарасы

1

06.01.2020

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту , әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»ММ С.Шапағатов ауылдық округ әкімінің аппаратының әлеуметтік салаға жауапты қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

6

2

16.01.2020

Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты Коммуналдық мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңінен және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет тиімділігі жөнінде түсіндірме шарасы өткізді.

20

3

16.01.2020

Таушық ауылы әкімінің аппараты түсіндіру жұмыстарын жүргізді

17

4

20.01.2020

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі «жас спорт мамандарына санат беру» тақырыбында спорт мектебінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

10

5

21.01.2020

Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты жыл қорытындылау есебінде әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу жолдары мен тәртібі туралы тұрғындарға кеңінен түсінік жұмысы өтті.

120

6

24.01.2020

Форт-Шевченко қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен электрондық қызмет түрін толығымен тиімді пайдалана білуі үшін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді таныстыру және ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет түрін алу жолдарын үйрету мақсатында Аудандық мұражай кешені қызметкерлеріне түсіндірме іс-шарасы өткізілді

20

7

30.01.2020

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі жасалған іс-шаралар Жоспарына сәйкес аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен ХҚКО қызметкерлері бірігіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

6

8

30.01.2020

Баутин ауылы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мәжіліс залында мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі және қызметті алу жолдары туралы түсіндірме шарасы өтті.

10

9

11.02.2020

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ауданға қарасты елді мекендерде Нұр-баспана бағдарламасы бойынша және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу жолдары мен тәртібі туралы Ақшұқыр ауылы тұрғындарға кеңінен түсінік жұмысы өтті.

50

10

11.02.2020

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ауданға қарасты елді мекендерде Нұр-баспана бағдарламасы бойынша және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу жолдары мен тәртібі туралы С.Шапағатов ауылдық округ тұрғындарына кеңінен түсінік жұмысы өтті.

20

11

12.02.2020

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ауданға қарасты елді мекендерде Нұр-баспана бағдарламасы бойынша және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу жолдары мен тәртібі туралы Баутин  ауылы тұрғындарға кеңінен түсінік жұмысы өтті.

30

12

12.02.2020

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ауданға қарасты елді мекендерде Нұр-баспана бағдарламасы бойынша және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу жолдары мен тәртібі туралы Форт-Шевченко қаласы тұрғындарына кеңінен түсінік жұмысы өтті.

30

13

13.02.2020

Таушық мәдениет үйінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

24

14

18.02.2020

Форт-Шевченко қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен электрондық қызмет түрін тиімді пайдалану үшін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, egov.mobile мобильді қосымшасы арқылы ең қарапайым анықтамалардың алу жолдарын үйрету мақсатында түсіндірме шарасы өткізілді

40

15

20.02.2020

Сайын Шапағатов ауылдық округі Қазпочта бөлімшесінде түсіндірме шарасын өткізді.

30

16

21.02.2020

АХАТ бөлімімен түсіндірме шаралары өткізілді.

8

17

24.02.2020

Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты мен түсіндірме жұмыстары өткізілді.

30

18

21.02.2020

Түпқараған ауыл шаурашылығы және ветеринария бөлімі түсіндірме шарасы өткізілді.

10

19

27.02.2020

Аудандық экономика және қаржы бөлімі Ақшұқыр мектеп-гимназиясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

50

20

28.02.2020

Аудандық экономика және қаржы бөлімі Сайын Шапағатов ауылдық округінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

37

21

04.03.2020

Түпқараған ауыл шаурашылығы және ветеринария бөлімі NCOC компаниясының қызметкерлеріне түсіндірме іс-шарасын өткізді.

17

22

19.08.2020

Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандардың біліктілігін, сыпайылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуге ауданға қарасты жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Форт-Шевченко әкімінің аппараты,"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту , әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі», «Түпқараған аудандық жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі», «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Түпқараған аудандық дене шынықтыру және спорт» бөлімдерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандары қатысты.

6

23

09.09.2020

Аудан әкімі аппаратында  Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандардың біліктілігін, сыпайылығын арттыруға бағытталған Түпқараған ауданы әкімінің аппарат басшысының, әдеп жөніндегі өкіл Б.Кенжеаливтің және  Персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Жадрасинованың қатысуымен  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қағаз жүзінде мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты  мамандар қатыстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

 

7

24

14.09.2020

Таушық ауылы әкімінің аппараты мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  ауыл тұрғындары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.E.GOV порталы арқылы қызмет алу жолдары  түсіндірілді.

14

25

18.09.2020

Ақшұқыр ауыл әкімдігінің бас маманы Халыққа қызмет көрсету орталығында Жергілікті атқарушы органдармен EGOV.KZ порталы арқылы көрсетілетін электронды қызметтер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Ауыл тұрғындары үйден шықпай-ақ  жеке смартфондары арқылы жылдам, сапалы, ыңғайлы әрі қолжетімді қызметтер алуға мүмкіндік бар екендігін, Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекке тұрмай –ақ  өз уақытын тиімді пайдалана алатындығына көздерін жеткізді.

Түсіндірме жұмысы сондай-ақ, Қазпошта бөлімшесінде, «Коммуналдық қызмет» МҚК-нің ғимаратында өткізілді.

35

26

20.09.2020

«Форт – Шевченко қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің            2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін түсіндіруге арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, Форт –Шевченко қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимартында  Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышында Аудан көлеміндегі қызмет алушы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары  жүргізіліп,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар айтылды.

 

20

27

25.11.2020

Түпқараған  аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен 02.12.2020 жылдары аралында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі арқылы Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы арқылы үй алу үшін кезекке тұру керектігі жөнінде 5 мекемеге (мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мектеп, бала бақшаларға) мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

85

28

24.12.2020

«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ мүгедектер мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі бас маманы Тулемаганбетова Алмагуль желтоқсан айының 15 жұлдызы күні Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік Корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Маңғыстау облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің Түпқараған  аудандық бөлімінде мамандармен түсіндіру жұмыстарын өткізді. Түсіндіру жұмыстары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығы негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет реестрлерінің өзгеруіне байланысты жүргізілді. ХҚКО мамандарына жаңа өзгерістер туралы айтылды.

Сондай-ақ,қызмет көрсету кезінде туындайтын қателіктерді болдырмау, мерзім бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсініктер жүргізілді.

 

5

29

02.12.2020

Түпқараған  аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен 02.12.2020 жылдары аралында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі арқылы Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы арқылы үй алу үшін кезекке тұру керектігі жөнінде 4 мекемеге (мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мектеп, бала бақшаларға) мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

30

Жиналыс бойынша

30

17.01.2020

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау және бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен өткен 2019 жылда атқарылған жұмыстары туралы  жиналыс өткізілді. Жиынға мемлекеттік қызмет көрсететін қала, ауыл әкімі аппараттарының және бөлімнің жауапты мамандары қатысты.

10

 

31

22.01.2020

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі орынбасары Т.Алтынғалиевтің төрағалығымен және Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің мониторинг басшысының қатысумен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйі туралы жиналыс өткізілді.

31

32

13.02.2020

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ауданға қарасты елді мекендерде Нұр-баспана бағдарламасы бойынша және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алу жолдары мен тәртібі туралы Қызылөзен ауылында жиналыс өткізілді.

12

33

18.11.2020

Түпқараған ауданында 18 қараша күні сервистік әкімдік ашылды. Сервистік әкімдікте 5 бөлім қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту , әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі», «Түпқараған аудандық білім бөлімі», «Түпқараған аудандық жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі», «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі».

12

34

19.11.2020

Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында а.ж. 19 қараша күні аппарат басшысы Ғ.Нұржаубайдың төралығымен бөлім басшыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мемлекеттік қызметтерге қатысты бөлімдерге тапсырмалар берілді.

11

Семинар

35

21.10.2020

Түпқараған ауданы әкімі аппаратының және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 21.10.2020 жылы білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында онлайн-семинар өткізілді. Семинарға мектеп директорлары қатысып, қателіктерге жол берілмес үшін заңдылықтар бойынша жұмыс жүргізілу керек екендігі айтылды.

13

36

28.10.2020

Түпқараған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен а.ж. 28 қазан күні жер қатынастары саласының қызметтерін көрсетуде өзекті мәселелерді талқылауға арналған семинар және тәжірибе алмасу өткізілді. Семинарға Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы – М.Үйсенов, Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы – А.Қазанғапов, Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Түпқараған аудандық бөлімінің басшысы Е.Жеткізгенов, Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары, қала, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты мамандары қатысты.

 

14

Ашық есік күні

37

14.02.2020

Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына үйден шықпай-ақ электронды түрде алуға болатын  мемлекеттік қызметтер туралы «Ашық есік күні» өткізілді.

20

38

25.11.2020

   «Форт – Шевченко қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін түсіндіруге арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 25 қарашасы күні Форт –Шевченко қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимартында «Ашық есік күні»  өткізілді. Аталған шара барысында, Форт – Шевченко қаласы әкімінің міндетін атқарушы Молдабеков Бауыржан Хамитович тұрғындарға жеке қабылдау жүргізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар айтылды.

30

39

15.12.2020

«Форт – Шевченко қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін түсіндіруге арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 15 желтоқсан күні Форт –Шевченко қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимартында «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған шара барысында, Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы азаматтарға электронды түрде қызмет алу тәртібін үйрете отырып, цифрлы сауатын жетілдіру қамтамасыз етілді.

 

30

 

 

 

 

Дөңгелек үстел

40

22.02.2020

Ауданды дене шынықтыру және спорт бөлімі спорт мектептерінің жаттықтырушыларымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша дөңгелек үстел өткізді.

6

41

05.05.2020

Аппарат басшысының төрағалығымен мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлім басшылары мен жауапты мамандарға электрондық қызметтерді алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын қосымша ашу мәселелері қарастырылды.

8

Әлеуметтік желілерге ақпарат

42

14.05.2020

Аудандық ішкі саясат бөлімінің Facebook парақшасына жергілікті тұрғындарды ХҚКО жұмысы алдын-ала кезекпен бронь қою арқылы жүзеге асырылатынын кеңінен хабардар ету мақсатында жаңа бизнес-процеске сәйкес ХҚКО келу үшін азаматтар «электрондық үкімет» порталы, telegram және egov-mobile мобильдік қосымшалары мен 1414 call-орталығы арқылы алдын ала қай ХҚКО баратыны және қай уақытта баратыны бронь қоюлары жөнінде видеоролик жарияланды

53

43

03.05.2020

Аудандық білім бөлімі фейсбук парақшасына мектепке құжаттарды қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру автоматтандырылғандығы және қызметтерді «Электрондық үкімет веб-порталы» арқылы алуға болатындығы жөнінде жариялады.

11

44

13.05.2020

Аудандық білім бөлімі фейсбук парақшасына балаларды балабақшаға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілгендігі жөнінде және кезекке қою қызметін білім бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес сондай-ақ өз бетімен «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдері немесе «Электронды үкімет веб-порталы» арқылы алатындығы туралы жариялады.

18

45

28.05.2020

Аудандық білім бөлімі фейсбук парақшасына 1 сыныпқа құжаттарды тапсыру 1 маусымда басталуы және балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылғаны жөнінде  жариялады.

12

46

19.05.2020

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Әлеуметтік қызметтер порталы»  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың техникалық оңалту құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретіндігі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің сайтына және фейсбук желісіне жариялады.

10

47

21.05.2020

Форт-Шевченко қаласының тұрғыны өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке оңалту бағдарламасы бойынша гигиеналық құралдарға тапсырыс берді.

410

48

06.07.2020

Жұмыспен қамту орталығының Facebook парақшасында Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен мүгедектік мерзімін ұзартуды мемлекеттік мекемеге жүгінбей-ақ мерзімінің ұзартуы жөнінде мемлекеттік тілде және ресми тілде жарияланған.

0

49

08.07.2020

Түпқараған аудан әкімдігінің Facebook парақшасында Балабақшаға кезек нөмерін онлайн Egov.kz сайты арқылы қарау нұсқаулығы жарияланған.

0

50

08.07.2020

Түпқараған аудан әкімдігінің Facebook парақшасында қызметтерді алу үшін онлайн өтініш беру жөнінде нұсқаулық. Көрушілер саны

0

51

09.07.2020

Түпқараған аудандық білім бөлімінің Facebook парақшасында білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатырғандығы жөнінде жарияланған.

0

52

10.07.2020

Түпқараған аудандық білім бөлімінің Facebook парақшасында Аудан мектептері 2020-2021 жаңа оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау онлайн egov.kz порталы 1 тамызға қабылданып жатырғандығы жөнінде хабарламалары жарияланды.

0

53

11.07.2020

Түпқараған аудандық білім бөлімінің Facebook парақшасында білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау  egov.kz порталы арқылы құжаттарды онлайн тапсыру жөнінде нұсқамасы жарияланған.

0

54

16.07.2020

Түпқараған аудандық білім бөлімінің Facebook парақшасында білім беру грантына өтінішті egov.kz порталы арқылы тапсыру жөнінде видеоролик.

0

55

23.07.2020

Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппаратының Facebook парақшасында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін оқыту мақсатында видеоролик жарияланды.

0

56

30.07.2020

Түпқараған аудан әкімдігінің Facebook парақшасында Жұмыссыз ретінде тұлғаларды EGOV.KZ порталы арқылы  тіркеу жөнінде нұсқаулық жарияланды.

0

57

20.08.2020

Түпқараған аудандық білім бөлімінің Facebook парақшасында бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылғандығы хабарланды. Аудан бойынша шағын аудан мен үйлерге жақын орналасқан мектептерге хабарласу арқылы немесе egov.kz  сайты арқылы да өтініш беруге болатындығы айтылған.

0

58

 

17.08.2020

Түпқараған ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдермен, әкімдіктерде көрсетілетін электронды қызметтер насихаттау мақсатында жадынама дайындалып, аудандық және қала, ауыл әкімдіктерінің Facebook парақшасында жарияланды.

0

59

18.11.2020

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту ,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Фейсбук парақшасында  Электрондық неке қиюдың ұғымы мен тәртібі мақала жарияланды.

 

0

Мақала

60

27.08.2020

№34(1050) нөмерлі «Ақкетік арайы» газетінде  «Түпқараған ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2020 жылдың 6 ай қорытындысы мен атқарылған жұмыстары және көрсетілген электронды қызметтердің динамикасы туралы» мақала жарияланды.

0

61

27.08.2020

№34(1050) нөмерлі «Ақкетік арайы» газетінде және  Түпқараған ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында Түпқараған ауданы бойынша электронды түрде қызмет алуға арналған өзіне-өзі қызмет 0көрсету бұрыштарының тізімі жарияланды.

0

62

27.08.2020

№34(1050) нөмерлі «Ақкетік арайы» газетінде  және  Түпқараған ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Түпқараған аудандық бөлімінде броньдау арқылы көрсетіліп жатырған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің тізімі  жарияланды.

 

0

Әдістемелік көмек

63

27.06.2020

Аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық ХҚКО ғимаратында халыққа бөлімнің электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау, оларды алу жолдарын түсіндіру және тиімді пайдалану  үшін әдістемелік көмек шарасы және орталық мамандарына іс-құжаттарының жинақталуына байланысты қажетті құжаттардың тізімдесін нақтыланып түсіндірілді.

6

Блиц-тренинг

64

18.08.2020

Ақшұқыр ауылының мәдениет үйінде атаулы әлеуметтік көмек алушы әйел азаматтарымен блиц тренинг өткізілді.

 Блиц тренинг мақсаты – атаулы әлеуметтік көмек алушы әйел азаматтарды кәсіп ашуға баулу, кәсіп ашудың қыр-сырын үйрету және жетістіктерімен таныстыру болып табылады. Аталған блиц тренингті аудандымыздың «Іскер әйел» ҚҚ жетекшісі Б.Рамазанова жүргізді. Тренинг онлай форматта ZOOM бағдарламасымен қосылу арқылы өтті. Онлайн кездесуге Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдық округінің атаулы әлеуметтік көмек алушы әйелдері қатысты.

23

Тәжірибе алмасу

65

10.09.2020

Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауылдардағы спорт нұсқаушылары мен мамандары арасында онлайн форматта тәжірибе алмасты.       

9

66

14.09.2020

Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы М.Нұржауов ZOOM платформасы арқылы 14.09.2020 жылы Ақтау  қалалық әкімдігі, Мұнайлы, Маңғыстау  аудандары болып бейнеконференция өткізіп тәжірибе алмасты. Бейнеконференцияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары талқыланды.

8

67

10.09.2020

Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы И.Нәбиев  Webex қосымшасымен онлайн түрде Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімімен  10.09.2020 жылы тәжірибе алмасты.

3

68

30.09.2020

Ауданға қарасты ауыл әкімдіктері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде онлайн түрде өзара тәжірибе алмасты.

4

69

14.12-15.12.2020

Мұнайлы ауданы,  «Басқұдық ауылы әкімінің аппаратына», «Ақшұқыр ауылы әкімінің аппаратының»  бас маманы А.Қосбармақ 14-15 желтоқсан күндері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында тәжірибеден өтті. Жер бойынша қызмет түрлері, әлеуметтік мәселелер бойынша көрсетілетін қызметтерге шолу жасалды. Тәжірибе алмасу сол әкімдіктің жер жөніндегі бас маманы Алигулов  Максат Буркутбаевичпен жүргізілді.

 

 

70

20.12-21.12.2020

«Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөліміне», « Түпқараған аудандық жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөлімінің» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бас маманы Ж.Тұрмұханбетовты 20-21 желтоқсан күндері  аралығында тәжірибе алмасуға жіберілді.

 

 

            

               Түпқараған ауданы бойынша  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының саны – 32(аудан әкімдігі-1, мектеп-10, балабақша-12, қала,ауыл әкімдіктері-6, бөлім-2).  Жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылған.

              

№

Орналасқан
мекен-жайы

Мекеме атауы

1

Форт-Шевченко қ.

Д.Тажиулы №13

«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ

 

2

Форт-Шевченко қ.

Н. Онгалбайулы 1

«Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты» ММ

«Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

3

Баутин ауылы,

Күржіманұлы 6

 «Баутин ауылы әкімінің аппараты» ММ

4

Қызылөзен ауылы,

Сисенбаев 2

«Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты» ММ

5

Таушык ауылы,

Х. Елмуханбетов 6

«Таушық ауылы әкімінің аппараты» ММ

6

С. Шапағатов ауылд.окр.

М. Елубаев 133

 «С.Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

7

Акшұқыр ауылы,

Б.Кожашов 11

 «Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты» ММ

8

Форт-Шевченко қ.

Н. Оңғалбайұлы 1
2-қабат

 «Түпқараған аудандық білім бөлімі» ММ

9

Форт-Шевченко қ.

Н. Онгалбайулы 1

«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту , әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»ММ

10

Форт-Шевченко қ.

Н. Оңғалбайұлы 1

«Түпқараған аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

11

Форт-Шевченко қ.

Жаңа кетік 87/1

Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған

Форт-Шевченко мектеп-интернаты

12

Форт-Шевченко қ.

Т. Досанұлы, 3

«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ

13

Баутин ауылы,

8 Март көшесі

«Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы» ММ

14

Баутин ауылы,

К.Күржіманұлы 3А

«А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі» ММ

15

Таушық ауылы

Т. Балтабасұлы 31/1

«Шахта орта мектебі» ММ

16

С. Шапағатов ауылд.окр.
Елубаев 81

«Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі» ММ

17

С.Шапағатов ауылд.окр. 

V квартал,  181/1

«С.Шапағатов мектеп-гиназиясы» ММ

18

Акшұқыр ауылы,

Сахиев 1

«М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-лицейі» ММ

19

Акшұқыр ауылы,
Жанашев 43

«Ақшұқыр мектеп-лицейі» ММ

20

Қызылөзен ауылы

 Сисенбаев 1

«З.Баймырзаев атындағы орта мектебі» ММ

21

Таушық ауылы

Жұбайұлы 33

«Күншуақ» ЖМ балабақшасы

22

Таушық ауылы

Ардагер 39/1

«Айгүл» ММ балабақшасы

23

С. Шапағатов ауылд.окр
М. Елубаев 82а

«Айналайын» ММ балабақшасы

24

Ақшұқыр ауылы
Р. Нурбаев 63/1

«Балапан» ЖШС шағын орталығы

25

Ақшұқыр ауылы,
Сарсенов №2/а

«Ақбөбек» ЖК балабақшасы

26

Форт-Шевченко қ.
 Астана №60

 «Алпамыс» ММ балабақшасы

27

Ақшұқыр ауылы,
Казиев  №63

«Бәйтерек» ММ балабақшасы

28

Ақшұқыр ауылы,
Нурбаев №1

«Жауқазын» ММ балабақшасы

29

Ақшұқыр ауылы,
Кожашев, 21/1

«Алма» ЖМ балабақшасы

30

Форт-Шевченко қ.
Кызылбаев 5

«Айгөлек» ММ балабақшасы

31

Ақшұқыр ауылы,
Б.Сарсенов 121/2

«Жанарыс» ЖМ балабақшасы

32

Қызылөзен

Шамшырак 51

 «Толағай» ММ балабақшасы

 

БАРЛЫҒЫ: 32

 

 

       Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

      Түпқараған ауданы әкімінің 08.09.2020 жылғы №59 жылғы   «Түпқараған ауданы әкімінің 2019 жылдың 20 желтоқсандағы №58 «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының  және ҚР-ның өзге де заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгеріс енгізу туралы»  өкімі бекітілді.

   

      2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына 7 бақылауға жататын объектілер енгізілді.

 

     2020 жылдың 12 айында ішкі бақылау жұмыстары жүргізілген объектілерден 214 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бұзушылықтар анықталды.

Ішкі мемлекеттік бақылау жүргілген объектілер:

Форт-Шевченко қаласы  «Айгөлек» балабақшасы ММ

Форт-Шевченко қаласы  «Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ

Форт-Шевченко қаласы «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ

Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты ММ

Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты ММ

Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ

Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ

 

Оның ішінде:

- бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 199;

«Айгөлек» балабақшасы – 31           

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі -105

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі - 63

 

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 7;

«Айгөлек» балабақшасы – 1

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 1

Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ - 1

Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ - 4

 

-бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 6;

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі – 4

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 2

 

-мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері -2;

Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ - 2

     «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ» -де анықталған бұзушылықтарға байланысты бөлімнің бас маманына «сөгіс» түрінде тәртіптік шара қабылданды.

       

       Аталған бұзушылықтар бойынша ішкі бақылау кезінде аудан әкімі аппаратының мамандары сол мезетте қызметкерлерге нқа талаптарын түсіндіре отырып, әдістемелік көмектер көрсетілді және қазіргі таңда артық алынған құжаттар өтініш иесіне жазбаша түрде кері қайтарылып, толық емес құжаттар қатары толықтырылды.

        Аталған бұзушылықтарға жыл басынан 38 ұсыныс берілді.

Орындалғаны - 24 ұсыныс.

Орындалмағаны – 14 ұсыныс.

                      

      Түпқараған әкімдігі аудан деңгейінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылып жатырған түсіндіру жұмыстары мекеменің ресми сайтында толық жарияланған.

                                                                                                            Ғ.Нұржаубай

Орын:С.Іздібаева

8775 504 14 09

Дата публикации
29 января 2021