Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №237 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 02 наурыздағы №05-10-530 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмысты, еңбек жағдайларындағы зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
қаулысына қосымша
|
Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмысты, еңбек жағдайларындағы зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
|
№ |
Ұйымдар атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам |
Квота мөлшері (%) |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары саны (адам) |
|
1 |
«Ақ жол құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (келісім бойынша) |
715 |
4% |
28 |
|
2 |
«КаламкасГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (келісім бойынша) |
247 |
3% |
7 |
|
3 |
«Каспий коммуналдық қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» (келісім бойынша) |
62 |
2% |
1 |
|
4 |
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақшұқыр мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
172 |
3% |
5 |
|
5 |
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
208 |
3% |
6 |
|
6 |
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған аудандық білім бөлімінің "Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
116 |
3% |
3 |