Өмірбаян

Өмірбаян

Төребай Мейіржан Қалиұлы – 1984 жылы 24-ші мамырда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,  Ақшұқыр поселкесінде дүниеге келген. 1990-2001 жыл аралығында Ақтау қаласы № 21 орта мектепті бітіріп, 2001-2005 жылдар аралығында ҚР ІІМ Алматы Академиясын «құқық қорғау қызметі» мамандығымен тәмамдаған. 2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы ІІД Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы Анықтау бөлімінің анықтаушысы қызметін атқарған. 2006 жылы 22 шілдеде қызмет бабында қайтыс болды. Ол өзінің аз ғана ғұмырында еліне, отанына адал қызмет етіп, өз өмірін қауіп-қатерге қыйып, артында өшпес із қалдырды. Бұл біздің келешек ұрпаққа үлгі болады. Ер есімі – мәңгі ел есінде болуы тиіс. Сол себепті Төребай Мейіржан Қалиұлына өзінің туып өскен Ақшұқыр ауылынан көше атын беруге ұсыныс білдіремін.

 

Дата публикации
08 мая 2026