GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
БАҚ үшін
14 октября 2026
Мұнайлы ауданында алдағы сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін, 13 қазан күні Мұнайлы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті.

Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Маңғыстау облыстық мәслихаты депутатын және Мұнйлы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары талқыланды.

Сонымен қатар сайлау науқанын ұйымдастыру, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру, олардың сайлау заңнамасында белгіленген міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сайлау кезеңдерінің күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалуы, сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу тәртібін түсіндіру мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ сайлаушыларды ақпараттандыру, азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын сақтау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы сайлауды заңнама талаптарына сәйкес ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында округтік және учаскелік сайлау комиссияларымен бірлескен жұмысты жүйелі жүргізу, белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылау және дайындық жұмыстарын уақтылы жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

06 октября 2026
     АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

     АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры:

«Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәміл сенсе, қатты қателеседі, өкінішке орай… Өзіміз үшін тек өзіміз ғана жинақтай аламыз».

 

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен пікір алмасу сериясын жалғастыруда.

Алғаш зейнетақыны кім ойлап тапты? БЖЗҚ-ның негізгі міндеттері қандай болуы тиіс? Салымшыларға өз жинақтарын шешіп алу мүмкіндігін беру дұрыс па? Атақты мысалдағы «Құмырсқа» кім, «Инелік» кім

Бүгінгі кезекті эксклюзивті сұхбатымызда қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры Расул Рысмамбетов Қазақстандағы болашақ зейнеткерлердің мәселелері туралы жеке қарым-қатынас тәжірибесіне сүйене отырып баяндап, олардың болашақ перспективалары жөнінде өз пікірімен бөлісті.

 

Сұхбатты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көріңіз!

                 https://youtu.be/Dy76WU-qFrs?si=CocIIq7U4J0rv1SZ 

 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз!

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.

AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.

Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.

Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.

02 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің  2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

 

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

 

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 449,60 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 950,74 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 347,58 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28 млрд теңгені құрады.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қыркүйекте МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,00%, ҚРҰБ депозиттері – 3,42%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,53%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,14%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,75%, МҚҰ – 0,99%. 

Активтердің 37,38%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,99%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,01%.

Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 510,73 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 119,33 млрд теңгені, өзге кірістер – 3,87 млрд теңге.

Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.

2025 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 1,58 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 6,17%-ды құрады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,30%, ҚРҰБ депозиттері – 3,69%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 99,70 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 18,80 млрд теңге кіріс әкелді.

2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 158,51 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 18,65%.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 151,28 млрд теңге.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 24,12 млрд теңге. 

Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 14,80%, РЕПО – 13,96%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 10,88%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,46%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,32%, МҚҰ – 2,36%.  

Атап кетейік, портфельдің 48,26% теңгемен, 51,07% АҚШ долларымен, 0,67% басқа валюталарда ұсынылған. 

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,91%.

"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 19,60 млрд теңге. 

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 28,55%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,44%, ҚР ЕДБ облигациялары – 17,76%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,37%,Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,34%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 6,24%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,18%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,73%-ын, АҚШ долларымен 26,27%-ын құрайды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,95%.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2] сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,58 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,03%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 13,24%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,02%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,22%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,75%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,23%, ҚРҰБ ноттары – 7,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 5,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%. 

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,39%-на, АҚШ долларымен 37,61%-на тең.

Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,30%.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 77,64 млрд теңге болды. 

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 19,63%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 11,20%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 11,04%, ҚР ҚМ МБҚ – 9,79%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,07%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 7,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,68%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 4,64%, МҚҰ – 1,50%.  

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,49%, АҚШ долларында – 34,51% инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,82%.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 0,74 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексі компоненттерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 52,95%, Репо – 16,02%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 15,67%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,05%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 42,94%, АҚШ долларымен – 57,06% инвестицияланды. 

"Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 2,43% құрады.

"Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 22,60 млрд теңге.

ҚР ЕДБ облигацияларына – 26,85%, РЕПО – 12,14%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 12,57%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,31%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 8,53%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 7,21%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 5,14%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,52%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 2,74% инвестицияланды.

Ұлттық валютада портфельдің 66,06%-ы, АҚШ долларында 33,94%-ы инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,05%. 

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

 

 

 

 

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

[2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды 

02 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

01.01.2026ж. мен 31.08.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 36,2 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,0 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Цифрландырудың жоғары деңгейіне қарамастан, өңірлік бөлімшелердегі Қор мамандары азаматтарға жүзбе-жүз қызмет көрсетуін әлі де жалғастыруда. Мәселен, күндізгі форматта 516,7 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде 504,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылған.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. 

Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,3 млн бірлікке жетті. 

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 25,0 млн үзінді көшірме берілді. Оның 22,4 млн-ы – электрондық, ал 2,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 88,8 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.

БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 39,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 783,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 27,5 мың материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 283,0 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

 

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

02 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

 

2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды. 

Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Елдар Абдразаков жүргізді. Талқылауға «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, Bank CenterCredit вице-президенті Анастасия Овсянникова, «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева және AJR Finance Ltd исламдық қаржытех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты.

 

Пікірталас барысында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру құралдарының бірі ретінде зейнетақы аннуитетін дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттың келешегі туралы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтып берді. Ол Қазақстанның сақтандыру нарығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын және оның одан әрі өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, сақтандыру индустриясының ауқымы әзірге экономиканың даму қарқынына толық сәйкес келе бермейді.  

«Өмірді сақтандыруды дамытуға ықпал ететін бағыттардың бірі – зейнетақы аннуитеті нарығы. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетін сатып алуға пайдалану мүмкіндігі зейнетақы жүйесіне бастапқыдан-ақ азаматты зейнет жасындағы табыспен қамтамасыз етудің бір нұсқасы ретінде енгізілген. Бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтардың оларды алудың әртүрлі тәсілдерін таңдауға мүмкіндігі бар: БЖЗҚ-дан қаражат толық таусылғанға дейін белгіленген кесте бойынша төлемдер алу, сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы төлемдер алу немесе осы екі нұсқаны үйлестіру. 

 Өмірді сақтандыру нарығы инвестициялық нарықпен тығыз байланысты. Классикалық өнімдермен (шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері) қатар инвестициялық құрамдас бөлікке байланысты жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда. Бұл – заңды құбылыс, өйткені бүкіл әлемде өмірді сақтандыру инвестициялық нарықпен тығыз байланысты, ал сақтандыру компаниялары ірі институционалдық инвесторлар ретінде әрекет етеді.

Сондықтан зейнетақы аннуитетін «сатып алдым, ұмыттым» деген қағидатпен қабылдамаған маңызды. Азаматтар бұл қаржы құралының қандай қосымша артықшылықтар беретінін, оның ішінде ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және инвестициялық құрамдас бөлік тұрғысынан түсінуі қажет. Нарықтың одан әрі дамуы сақтандыру қорғанысын, тұрақты дивидендтер мен инвестициялық мүмкіндіктерді ұштастыратын жаңа, оның ішінде гибридті өнімдердің пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп түсіндірді Жанат Құрманов. 

Жанат Құрманов халық арасында ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін одан әрі қалыптастыру қажеттілігін де атап өтті. Пікірталас барысында айтылғандай, бұл мәселе әсіресе қысқамерзімді қаржылық мақсаттарға басымдық беруге бейім жастар үшін өзекті. 

 

Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің қандай түрлері қолжетімді

 

Еске сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы өмір бойы немесе шартта белгіленген белгілі бір жасқа дейін ай сайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің бірнеше түрі ұсынылады. 

 

Шұғыл зейнетақы аннуитеті шарт жасалғаннан кейін оның талаптарына сәйкес төлемдердің басталуын көздейді.

Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдердің шартта белгіленген белгілі бір кезең өткеннен кейін басталуын көздейді. Кейінге қалдырылған кезеңде қаражат шарт талаптарына сәйкес инвестициялануы мүмкін, бұл болашақ төлемдердің мөлшеріне оң әсер етеді.

Бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеті екі адамның зейнетақы жинақтарын біріктіріп, шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың бірі қайтыс болғаннан кейін төлемдер екінші қатысушының пайдасына жалғаса береді.

Осылайша, зейнетақы аннуитеті нарығының дамуы азаматтардың ұзақмерзімді зейнетақы табысын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қосымша нұсқаларын ұсынады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан алу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу арасындағы таңдау – азаматтың өмірлік жағдайына, жинақтарының мөлшеріне және зейнетақыны жоспарлау мақсаттарына байланысты жеке қаржылық шешім. 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында)ww.enpf.kz)

30 сентября 2026
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.

Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.

Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстандық  ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.

29 сентября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды. 

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

 

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

 

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

 

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

 

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі. 

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

29 сентября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»

 

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен пікір алмасуын жалғастыруда.

Зейнетақы туралы ойлануды қашан бастау керек? Қазақстанда зейнетақы активтерін кім басқарады? Инвестициялық саясатта қандай өзгерістер болып жатыр және олардың қайсысы аса маңызды? Инвестициялық портфельді басқарушылардың стратегиялары кімдерге арналған? «Үндеместер» деп кімдерді атайды? Неліктен зейнет жасына жақындаған кейбір азаматтардың зейнетақы жинақтары аз?

Кезекті эксклюзивті сұхбатымызда ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА осы және басқа да сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі соңғы реформалар туралы ой-пікірін ортаға салады. Сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқарушыны таңдау жөнінде өз кеңестерімен бөліседі.

 

Сұхбатты БЖЗҚ/ЕНПФ-тің YouTube арнасынан көріңіз!

https://youtu.be/uZjdFWXh7QQ 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube арнасына жазылыңыз!

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

29 сентября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі

14,64 трлн теңге болды

 

            Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс – 14,64 трлн теңге. Жүргізілген төлемдерді қоса алғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі 40,6%-ға тең, бұл көрсекіш азаматтардың жинақтарын өсіруде инвестициялық кірістің маңыздылығын растайды. 2014 жылдан бастап зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай артуы байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақтарының жалпы көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді. 

Қазақстандағы зейнетақы жинақтары – азаматтардың зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақмерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясатты қолдану және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельдерін әртараптандыру инвестициялық кірістің ұзақмерзімді перспективада тұрақты өсуін қалыптастырады.

Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқамерзімді кезеңдердегі кірістілігін бағалау зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін толық көрсете алмайды. Бұл қаржы құралдары мен басқа да операциялар бойынша қысқа мерзім ішінде есептелген сыйақы түріндегі кірістердің сол кезеңдегі бағалы қағаздар құны мен валюта бағамдарының ауытқуларын әрдайым өтей бермейтіндігіне байланысты. Сондықтан инвестициялық кіріс мөлшеріне объективті талдауды кемінде бір жылдық кезең бойынша жүргізген орынды.

Ағымдағы макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банктің басқаруындағы міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда, яғни 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі кезеңде шамамен 1,58 трлн теңге инвестициялық кіріс есептелді, осы кезеңдегі кірістілік – 6,17%.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 158,51 млрд теңгені, ал осы кезеңдегі кірістілік 18,65%-ды құрады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

  БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы