
Бүгін 20.05.2020ж. Баянды, Маңғыстау, Батыр ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несиелер алу және оның ережелері туралы аудан тұрғындарына және кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында несие беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ несие бөлімінің басшысы Дусенбаева Шолпан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры клиенттермен жұмыс жасаушы менеджер Костулиева Назгүл, «Мұнайлы несие» несиелік серіктестігі төрайымы Мукатова Шолпан , Мұнайлы аудандық кәсіпкерлер палатасы директоры Жанжігітова Мадина, Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысы Мұраталиев Дастан қатысты. Кездесуде аудан тұрғындарымен кәсіпкерлердің тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап берілді.