
Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен аппараттық жиында ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәурен Едігеев хабарлады.
Сенбілік мақсаты - әлеуметтік нысандар аумақтарын, көше бойларын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру. Осы уақытқа дейін өткен сенбілікте 118 түп тал, 60 гүл, 20 туя отырғызылған.
- Сонымен қатар, 35 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылды. Жоспарға сәйкес ауыл мен ауылдық округ аумақтарында әулеуметтік насандар мен кәсіпкерлік нысандар аумақтарын қоқыстан тазарту, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде,-деді Дәурен Едігеев.
Аудан әкімі сенбілікті жоспарлы түрде өткізуді тапсырды. Бұдан бөлек, күнделікті маңызды жолдардың жаяу жүргіншілер жолағын жаңартып, жан-жағын сырлауды жүктеді.
Сондай-ақ, аппараттық жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбақыт Ақниязова баяндама оқыды.
Оның айтуынша, 2023 жылға аудан бойынша 5943 жаңа жұмыс орын құру жоспарланып отыр. Олар білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік нысандары арқылы құрылады.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевтың Дәулет, Баянды, Басқұдық және Маңғыстау ауылдарында болып, халықпен кездесулері бойынша
іс-шаралар жоспары жасақталған. Ол облыс әкімімен бекітілді. Іс-шара жоспарында 58 сұрақ қамтылған. Аппараттық жиында Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Ақмұрат Селиков ақпарат берді.