
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев пен Атамекен ауылдық округінің әкімі Н.Мұстафаев Атамекен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Билялов төрағалық еткен жиынға Атамекен ауылдық округінің тұрғындары, ардагерлері, дербес мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында Н.Мұстафаев II тоқсанды қорытындылады. Aуылдық округтің даму көрсеткішін баяндап, елдімекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп
берді.
—Жыл басында өткізілген халық алдындағы есеп беру кездесуінде 16 тұрғын сұрақ қойды. Оның ішінде 5 тұрғын әлеуметтік желі арқылы, 2 адам арнайы сұрақтар жәшігіне және 9 адам залдағы қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Аталған сұрақтандың 5-і толықтай орындалды. Қалған 26 сұрақты орындау үшін ұзақ уақыт талап ететіндіктен бақылауға алынды,- деді Н.Мұстафаев.
Тұрғындармен кездесуден кейін аудан әкімі Е.Күмісқалиев ауылдық округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Айта кетсек, аудан әкімінің халықпен кездесулері әр тоқсан сайын өткізілетін болады.