
9 Маусым күні Мұнайлы ауданындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир өтті. Аталған спорттық жарыс Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
60 қызметкер кеңседегі толассыз құжаттардан бір сәтке босап, бар назарларын спортқа аударды. Жарысқа барлығы 5 команда қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша “Мұнайлы ауданы әкімінің аппарты” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері II орынды иеленсе, Мұнайлы аудандық сот қызметкерлері мен Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы III орынды иеленді.
I орынның тұғырына “Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қол жеткізді.