Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Бөліммен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша мынадай жұмыстар жүргізілуде:  аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй қорын басқару қызметтері салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу; аудан  аумағында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы туралы заңнамалар мен өзгедей жобалық құжаттамалар талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; аудан аумағындағы тұрғын үй қорын, инженерлік коммуникацияларды сақтау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету; барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру; мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету; тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; коммуналдық тұрғын үй қорына енетін салынған тұрғын үйлердің бөлуін ұйымдастыру;  Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру; кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру; тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау; сала бойынша қызмет ететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру; аудан аумағында салаға қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын бағытынды жұмыстарды жүргізу.

Дата публикации
30 апреля 2020
Дата обновления
30 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
28 августа 2026
Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
03 июля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы