Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті мұнайлылықтар, аудан қонақтары!

Күн менен түн теңеліп, Жер-Ана жаңа күйге еніп, тіршілік атаулы оянып, айнала мәре-сәре болатын Ұлыстың ұлы күні – жыл бастауы әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!
Наурызды халқымыз ежелден тойлауды дәстүр еткен. Жылдың басы, жаңашылдықтың нышаны деп әрдайым жақсылыққа балаған.
Наурыздың басын Амалдап, бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып көріскен. Қыстан аман шыққанына қуанып, бір-бірін құттықтаған.
Осындай жанға жылулық ұялататын жайдарлы мейрамды биыл жаңа форматта тойлап жатырмыз. Бұл тойлау ескіні дәріптеу мен жаңаны жаһандандыру. Жаңа форматтағы «Наурызнама» онкүндігінің әрбір күнінде ұлттық кодымыз айқындалып, мәдениетіміз бен дәстүріміздің ұлылығына айрықша мән берілген.
Бұл үрдіс алдағы уақытта жалғасын тауып, қазіргіден де ерекшеленетініне сенімім мол.
«Еңсесі биік елдің іргесі сөгілмейді» дейді дана халқымыз, ұлы даланың биік рухы мен жан-жақты татулығының арқасында тәуелсіздігіміз нығайып, осы мейрамды тойлау нәсіп етілді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз», деген сөзі ынтымағы мен татулығы жарасқан елдің алға қарай самғауына серпін береді.

Қадірлі жерлестер, Әз наурыз құтты болсын. Жыл берекесімен келсін. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүректеріңіз мейірбандылыққа, көңілдеріңіз тазалыққа толсын.

Еліміз, өңіріміз, ауданымыздың береке-бірлігі арта берсін. Осы жыл ел өміріне түбегейлі өзгерістер, жағымды жаңалықтар алып келетін жыл болсын.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!

Құрметпен, Мұнайлы ауданының әкімі Е. Күмісқалиев!

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
28 августа 2026
Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
03 июля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы