- Ауа - райы да жарқырап, Наурыз мейрамын көңілді өткізуге мүмкіндік туып отыр. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылараңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Наурыз қарсаңында Батыр ауылында орталық саябақ ел игілігіне берілді. Енді ауыл тұрғындары бос уақыттарын саябақта өткізіп, серуендей алады. Алдағы уақытта Батыр ауылында басқа да әлеуметтік нысандар бой көтереді. Наурыз құтты болсын,- деді Ержан Күмісқалиев.