Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 24 ақпандағы
№ 49-қ қаулысы
Мұнайлы ауданы аумағында орналасқан жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84-баптарына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына, Мемлекеттік мүлік туралы Заңына және 2025 жылғы 9 желтоқсандағы «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шығыс № 02-05-681 хатына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мұнайлы ауданы, Тамақ бекетінен Ақтау Халықаралық әуежайына дейінгі теміржол желісінің құрылысын салу үшін, Мұнайлы ауданына қарасты жеке меншік құқығымен табысталған «Шыны пластикалық құбырлар зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі (кадастрлық нөмірі: 13:200:090:061) жалпы алаңы 44,1000 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап 3 (үш) ай мерзім болып белгіленсін.
- Осы қаулыда көрсетілген меншік иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Мұнайлы ауданы әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
- «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ. Салихов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрмұханға жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі Қ. Құлжанов