2026 жылға Мұнайлы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

 

2026 жылға Мұнайлы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

Қазакстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы №166 «Кондоминиум объектісінің басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ  мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондайақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлік күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2026 жылға Мұнайлы ауданында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін 42,58 теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

   Лауазымы                                                                               Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2026