Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес Мұнайлы ауданының шекарасынан жалпы ауданы 12572.2244 гектар жерді қосу жолымен Батыр ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін.
  2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Н. Мұстафаевқа жүктелсін.
  3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Мұнайлы ауданының  әкімі

Қ. Құлжанов

 

Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы

Б. Біләлов

Дата публикации
03 декабря 2025