Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округінде орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

 

        Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84 баптарына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37 бабына, Атамекен ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы                                 9 қыркүйектегі шығыс № 01-22-173 санды хатына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округінде кәріз құрылысын салу үшін (су ағызу жүйесін (дренаж) қоса алғанда) осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округінде орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер учаскелерді мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап 5 (бес) ай мерзім болып белгіленсін.
  3. Осы қаулыда көрсетілген меншік иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Мұнайлы ауданы әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  4. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  5. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Нұрмұханға жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мұнайлы ауданының әкімі                                                 Қ.Құлжанов

 

 

 

Дата публикации
09 октября 2025