Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 16/97 «Мұнайлы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «Мұнайлы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 16/97 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4713-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:   

көрсетілген шешімге 1- қосымшада:

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

 

Аты-жөні

Дата публикации
20 августа 2025