Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

 

  1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес мәселелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, әкімшілік рәсімдер туралы, тіл туралы, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, мемлекеттік қызметті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімі мен аудан әкімінің өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын сондай-ақ, осы ережені басшылыққа алады.

1.1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі:

1) Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;

            2) Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманынан тұрады.

 

  1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының

Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің

негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

 

            2.1. Негізгі міндеттері:

 аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін аппараттық кеңестің, селекторлық жиналыстардың, аудан активін, жиналыстар мен тағы да басқа кездесулердің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

ауыл мен ауылдық округі әкімі аппараттарында және бөлімдерде жұмыс регламентінің сақталуын бақылау;

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты бірыңғай талаптарды сақтауға;

аудан әкімінің өткізген коллегияларының хаттамаларын дайындап, олардың уақытылы тіркелуін, есебін жүргізуді және  сақтауды жүзеге  асырады,  қажетті бөлімдер мен мекемелерге уақытылы таратылуын,  орындалуын қамтамасыз ету;

аудан әкімінің апталық жұмыс жоспар кестесін дайындайды, әкімнің жоспарына сәйкес жұмыстарды орындауды талап ету;

әкімнің қатысуымен өткізілетін барлық жинаслыстарды өткізеді;

облыс әкімінің , басқа жоғарғы лауазымды тұлғалардың ауданға жұмыс сапарының бағдарламасын әзірлейді, осыған байланысты облыстық әкімдіктің сұрату негізінде қажетті барлық ақпараттар дайындау;

аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде түскен ұсыныс пікірлердің, аудан әкімінің іс-қимыл жоспарының орындалысына бақылау жасап, тоқсан сайынғы  орындалысын облыс әкімінің аппаратына және  жергілікті басылымға жариялауды ұйымдастыру;

аудан әкімінің апта сайынғы жұмыс кестелерін және негізгі іс-шаралар жоспарларын, сайлауға дайындық жөніндегі, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру жөніндегі желілік жоспарларды және елде жүргізілетін реформаларға бағытталған басқа да іс-шараларды дайындауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;

ауданның қоғамдық-саяси ахуалы мен оперативтік жағдайы туралы күнделікті басшылыққа  белгіленген  тәртіп бойынша баяндап отыру;

аудан әкімдігінің құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша  әлеуметтік желілер, ресми веб-сайтында уақытында ақпараттық толықтыру, жаңарту бойынша бақылауды жүзеге асыру;

облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысын ұйымдастыру және бақылау;

Қазақстан Республикасының мерекелік күндері аудан көлемінде кезекшілікті ұйымдастыру.

«Easy Project» кроссплатформасында жобаларды енгізу және оның іске асырылатын жобаларды уақытылы сапалы енгізілуін ұйымдастыру және бақылау;

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесімен өтініш берушімен кері байланыс ұстау арқылы өтініштерді уақылы қарау және жауап беру;

 Цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар атқару.

 

 

2.2. Функциялары:

1) бөлім ұйымдастыру-бақылау жұмыстарына  байланысты іс-қағаздарын жүргізеді, дербес бөлімдермен, ауыл мен ауылдық округ әкімі аппараттарымен,  аудандық құқық қорғау органдармен, прокуратурамен, сот және қоғамдық құрылымдармен, әскери бөлімдермен қызметтік хат  алысуды жүзеге асырады;

2) бөлім өзінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша материалдар мен  құжаттарды аудан әкімінің және  әкімдігінің қарауына және аудан әкімінің есебіне ұсынады.

3) берілген тапсырманың орындалуына жауапты болады.

2.3. Құқықтары:

1) аппараттың басқа да  бөлімдерін, оларға қатысты мәселе болған жағдайда, заңнамалық талаптарға сәйкес, материалдар мен  құжаттар  дайындауға және ірі қоғамдық-саяси шаралар өткізудің дайындық жұмыстарына жұмылдыруға;

2) мәселелерді әкімнің, әкімдіктің штабтардың, кеңестердің қарауына  дайындау үшін аудан әкімдігінің   рұқсатымен, аудан аумағында орналасқан мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындарының, ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

3)  бөлім жұмысына қатысты сұрақтарды отырыстарда қарастыруға құқылы.

Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне  сәйкес өзінің негізгі  міндеттері мен функцияларын  іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

 

 

  1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының

Ұйымдастыру-бақылау бөлмінің қызметін ұйымдастыру

 

 

        3.1. Аудан әкімі   аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімін басшысы басқарады. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес аудан әкімі тағайындайды және босатады.

3.2. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді.

3.3. Бөлім басшысы бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді. Басшы болмаған уақытта оның міндеттерін бас маман атқарады.

Дата публикации
24 апреля 2025