Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер

     

                1 Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес мәселелерін, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, әкімшілік рәсімдер туралы, тіл туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, мемлекеттік қызметті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімі мен аудан әкімінің және аппарат басшысының өкімдерін, бұйрықтарын, сондай-ақ,осы ережені басшылыққа алады.

    1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімі:

    1)  Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық  бөлімінің басшысынан;

    2)  Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің бас маманынан тұрады.

     

     

    1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

     

    1. Негізгі міндеттері:

                 1) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесіне сәйкес, бухгалтерлік есепті жүргізеді. Бухгалтерлік есепті осы нұсқаулық және жекелеген ережелер бойынша дұрыс жүргізу;

    2) құжаттардың дұрыс және уақытылы жүргізілуін, жүргізілген операциялардың заңға сәйкес келуін алдын ала қадағалау, ұйымдастыру;

    3) жұмсалған қаржының бөлінген қаржымен бірдей болуын, оның дұрыс, үнемді, қаралған мақсатқа, қаржыландыру жоспарына сай жұмсалуын қадағалау;

    4) материалдық құндылықтар мен ақшалай қаржының сақталуын қадағалау, ұйымдастыру;

    5) аппарат қызметкерлерінің және әскерге шақырту пункті қызметкерлерінің заңға сәйкес еңбекақыларын есептеу және есепшоттарына аудару,  міндетті әлеуметтік салықтардың уақытылы аударуын қадағалау және ұйымдастыру;

    6) мекемелер, ұжымдар және жеке тұлғалармен есеп айырысуды өз уақытында жүргізу;

    7) бухгалтерлік есептіліктің есебін өз уақытында дайындап, оны аппарат басшысына бекітуге беру; Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жасақталуына, жоспарланған қаржының толық игерілуіне бақылау жүргізу. Аппаратттың банк жүйесіндегі есептерін талаптарға сай жүргізу. Айлық тоқсандық жарты жылдық және жылдық есептердің салық органдарына, статистика бөліміне, жоғарғы тұрған органдарға уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету. Шоғырландырылған есептіліктерді уақытылы тапсыруын қадағалау және есептеу. 

    8) материалдық құндылықтар, негізгі мүліктер мен ақшалай қаржының сақталуын қадағалау. Мекемедегі негізгі құралдар мен құнсыз және тез тозатын заттарға түгендеу жұмыстарын заң талаптарына сай жүргізеді;

    9) бухгалтерлік, банктік құжаттарды, қаржыландыру жоспарын дұрыс сақтап, белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсыру.

    10) өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірыңғай талаптарды сақтау.  

    1. Функциялары:

                1) Аудандық, облыстық, ауылдық округтердің әкімдерін, Депутаттардың сайлауын өткізуге бөлінген қаражатты уақытылы дұрыс жұмсау. Аудан бойынша комиссия мүшелеріне еңбекақы есептеу және уақытылы аудару;

               2) уақытылы тарификация жүргізуді бақылау;

    3) бухгалтерлік есептілікті нақты жасау, оны есеп беретін органға белгіленген уақытында тапсыру;

    4) қаржыландару жоспарының орындалысы жөніндегі баланысты №1 форма бойынша тоқсан сайын есептілік жасап отыру;

    5) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарының орындалысы жөніндегі есептілік № 2,№ 3, №5, № 6 формаларын  тоқсан сайын жасап отыру;

                6) уақытында аудан әкімі аппаратының тарифтік сеті, уақытында  бекітілген штат пен жалақыны еңбек өтіліне қарай қатаң сақтауды бақылау;

                7) мемлекеттік мекемені ұстауға қаралған қаржының және қызметтік жеңіл автокөлікке бөлінген қаржының жұмсалуының есебін жүргізу; мемлекеттік мекемедегі автокөліктерді жанар-жағармаймен, мотор майларымен, сұйытылған газбен, автобөлшектермен қамтамасыз ету және бөлінген қаражаттың дұрыс әрі нақты жұмсалуын қадағалау;

                8) арнайы қаржының есебін жүргізу;

                9) бережақ және алажақ қаржының есебін жүргізу;

                10) барлық бағдарламалар бойынша жеке-жеке есептілік жүргізу;

                11) жүргізілген тексерудің орындалысы туралы есеп жүргізу, негізгі мүліктер бойынша тізілімін жүргізу және тапсыру, қадағалау;

                12) аудан әкімі аппаратының ғимаратын және қызметкерлердің жұмыс орындарын, материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруды қамтамасыз ету; аудан әкімінің аппараты, қоғамдық ұйымдар, әскерге шақырту пункті ғимараттарын күтіп ұстау, тазалығын қадағалау, қызметкерлердің үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасау, заманауй материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және бөлінген қаржыны уақытылы игеру. Баланстағы тұрған ғимараттардың электр жүйесі мен өрт сөндіру қызметтерін бақылау және болдырмаудың алдын алу.

                13) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына сәйкес; «Бюджеттік өтінімдер дайындау, бөлінген қаражаттың жылдық жоспарын жасақтау, ай сайын орындалысын қадағалау және мемлекеттік сатып алу заңына» сәйкес веб порталға уақытылы ораналастыру. Мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, мердігерлер, акционерлік қоғамдармен және т.б. жасалынған мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісім шарттарды аудандық қазынашылық органға  тіркеп отыру, қаржының игерілуін қадағалау;

                14) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 04.12.2015 жылғы №434-V Заңының талаптарын сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүзеге асырады, Заңның тиісті тәсілдерін қолдану арқылы келісім шарттарды жасақтайды.  Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі хаттамалардың дұрыс жасалуына бақылау жасау;

                15) мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісім шарттардың дұрыс жасалуына бақылау жасау;

                16) өткізілген мемлекеттік сатып алулар жөнінде әр тиісті органдарға есеп беріп отыру;

                17) мемлекеттік сатып алулар жасау үшін келісім шарттарды жасауға дайындық;

                18) мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсты өткізуге дайындау және өткізу;

              19) Аудандық, ауылдық округтердің әкімдерін, депутаттардың сайлауын өткізуге бөлінген қаражатты уақытылы дұрыс жұмсау. Комиссия мүшелеріне еңбекақы есептеу, мемлекеттік сатып алу, Заңына сәйкес келісімшарттар жасақтау, ұйымдастыру.

    1. Құқықтары:

                1) төлеу шоттарын рәсімдеу және жүргізу;

                2) міндеттемелерді тіркеу үшін өтініштерді рәсімдеу және жүргізу;

                3) депозиттік шоттар бойынша төлемдерді рәсімдеу және жүргізу.

                4) аудан әкіміне қарасты органдарға кадрлар бойынша ұсыныстар беру;

    5) аппарат бөлімдерінен құнды заттарды түгендеу актілерін талап етуге;

    6) бөлім жұмысына қатысты сұрақтарды отырыстарда қарастыруға құқылы.

    1. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімнің қызметін ұйымдастыру

     

    1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
    2. Бөлімді бөлім бастығы басқарады. Бөлім бастығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес аудан әкімі тағайындайды және жұмыстан босатады.
    3. Бөлім бастығы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді.
    4. Бөлім бастығы бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Дата публикации
24 апреля 2025