«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Мұнайлы ауданы әкімдігінің

2020 жылғы «7» желтоқсандағы

№ 306-қ қаулысымен

бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

 

 

Ұйымдық-құқықтық нысаны:

Мемлекеттік мекеме

 

Меншік- нысаны:

 

Мемлекеттік

 

Орналасқан мекен-жайы:

 

Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130006,

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы,

14 квартал, 30 құрылыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау ауылы

2020 жыл

«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Мұнайлы ауданының әкімшілік аумақтық шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты, елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды және елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4. Мемлекеттік мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  5. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  6. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждение «Мунайлинский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог».

  1. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 құрылыс.
  2. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі, ал осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Мемлекеттік мекемеге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  2. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

 

3-тарау. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негiзгi міндеттері,

функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

  1. Мемлекеттік мекеменің миссиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй қорын басқару, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру және елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары, газбен, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау, су бұру, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу;
  • тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
  1. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
  • тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
  • тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолдану;
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ жиналыс шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды дайындау және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз ету;
  • «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну;
  • жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;
  • жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;
  • елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асыру;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асыру;
  • тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу;
  • коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесіне және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын беруі;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
  • авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;
  • ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
  • жергілікті атқарушы органдарға нысандар мен кешендерді орналастыру, құрылыстарды, ғимараттарды, имараттарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық жағынан қайта жарақтау, жетілдіру, қайта құрылымдау, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жөнінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тұмшалау, объектілерді қайта пайдаға жаратқаннан кейінгі жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар даярлау;
  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ауданның даму бағдарламасына енгізу, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;
  • есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларымен келісу;
  • қазандықтар мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізу;
  • қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісу;
  • барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;

25) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды, сондай-ақ қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;

  • тұтынушылардың жылу энергиясынан шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бүлінуіне әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгіну және соттың істерді қарауы кезінде қатысу;
  • уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
  • коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, көлік инфрақұрылым объектілерін, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;
  • аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
  • аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
  • аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
  • автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды – жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды – жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды – тапсырыс беруші өз бетінше не ұйымдар мен тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • облыстық жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекiту;
  • жолдың көліктік пайдалану сапасының төмендеуін болдырмау, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен қызмет көрсету және жарнама нысандарын орнату үшін шарттық негіздерде жол органдары пайдаланбайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдардың кесінді жолақтарында орналасқан жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімге жер пайдалану құқығын беруге келісуді қамтамасыз ету;
  • жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, аудан маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, жеңіп алған тасымалдаушылармен шарттар жасақтау, маршруттар бойынша кестелерін бекіту, ;
  • жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру, жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
  • шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
  • ауылдық және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
  • тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзырлы органдармен келісе отырып жолаушыларды отырғызатын және түсеретін пункттерді белгілеуді қамтамасыз етеді;
  • көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;
  • кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау, күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу, күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;
  • пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу.
  • пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырылуына және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтау, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.
  • әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығаруды жүзеге асыру;
  • сала бойынша салынған объектілерді пайдалануға беру бойынша қабылдау және жұмыс комиссиясымен жүзеге асыру;
  • сала бойынша қызмет ететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, басшыларын конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды жүзеге асыру;
  • осы Ережемен бекітілген мемлекеттік мекеменің қызметі шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
  • аудан аумағында салаға қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртіптерін сақтау бағытында жұмыстарды жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
  • мемлекеттік мекеменің цифрландыруы бойынша шаралар қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік мекемеге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
  1. Мемлекеттік мекеменің құқықтары мен міндеттері:
  • Мұнайлы ауданының аумағында тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында, сумен жабдықтау және су бұру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер және өзге де заңды мәмілелер жасасуға;
  • мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
  • мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғауға;
  • тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының және коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жәй күйіне қадағалауды жүзеге асыруға;
  • тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасауға;
  • мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратуға және алуға;
  • белгіленген тәртіппен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да атқарушы билік органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен мамандарын тарта отырып, кеңес шақыруға;
  • өз құзыретінің шегінде белгіленген тәртіппен, ақпарат және жұмыс тәжірибесін алмасу мақсатымен, шетелдердің тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасауға, оның ішінде қазақстандық және шетелдік консультанттарды, кеңесшілер мен сарапшыларды тартуға;
  • тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
  • тексеріс жүргізу уақытында тексерілетін нысанның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
  • тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
  • белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
  • әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;
  • кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысуға;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
  • ведомствосына қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мұнайлы ауданы әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі өкімдері мен шешімдерінің, аудандық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
  • атқарушы органдарға ауданды дамыту бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіретін оның қабылдаған актілерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
  • тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының техникалық жай - күйіне, аумақтардың абаттандырылуы мен безендірілуіне, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
  • барлық тұрғын үйлерде, азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік және коммуналдық құрылыс пен қайта жаңарту объектілеріне, сондай-ақ олардың ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарын шығаратын аудан аумағында тұрған кәсіпорындарда бөгеусіз болуға;
  • бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша Заңына консультациялық көмек көрсетуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік мекеменің қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Мемлекеттік мекемеге басшылықты, оған жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, ауданның әкіміне тікелей бағынады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындау және олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
  4. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкiлеттiгi:
  • мемлекеттік мекеме жұмысын басқарады және ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке дара жауапкершілік артады;
  • мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
  • мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;
  • мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат кестесін, жұмыс жоспарын бекітеді;
  • барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
  • ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;
  • мемлекеттік мекемеге бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуына және қаржы құралдарының мақсатты жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме қарамағындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, еңбек шарттарын жасақтайды, сондай-ақ оларды аттестаттаудан өткізуді жүзеге асырады;
  • мемлекеттік мекеме қарамағындағы ұйымдардың құрылымы мен штат кестесімен келіседі, сәйкес жылға еңбекақы төлемі қорының мөлшерін, кәсіпорынның басшы қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін, басшы қызметкерлерінің сыйақысы мен өзге де сыйлық ақысының ережесін, жұмыс жоспарын бекітеді, сондай-ақ басшыларының, басшы орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындап, тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;
  • мемлекеттік мекеменің қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары басшыларының орынбасарларын мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттігін жүзеге асырады.
  1. мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкi

 

  1. Мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
  2. Мемлекеттік мекеменің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
  3. Мемлекеттік мекемеге бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады және жедел басқару құқығында оған тиесілі.
  4. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

6-тарау. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты жергілікті атқарушы органдардың жұмыс режиміне сәйкес анықталады және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7-тарау.  Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

8-тарау. Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

 

  1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
ЕРЕЖЕ
Дата публикации
22 апреля 2025