Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/139 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/139 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Мұнайлы аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/139 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №205310 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше  осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 19 866 172,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 10 424 611,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 99 335,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 30 783,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 9 311 443,2 мың теңге;

2) шығындар – 21 425 762,3 мың теңге;

3) таза  бюджеттік  кредиттеу – 250 979,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 538 684,0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу –287 705,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 810 568,6  мың  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                – 1 810 568,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 538 684,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 288 808,5 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 560 693,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мұнайлы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  Б. Билялов

 

Шешім
Дата публикации
11 апреля 2025