Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/139 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мұнайлы аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/139 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №205310 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше  осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 20 002 750,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 10 424 604,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 99 335,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 30 783,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 9 448 028,2 мың теңге;

2) шығындар – 21 340 013,0 мың теңге;

3) таза  бюджеттік  кредиттеу – 258 362 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 538 684,0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу –280 322 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 595 624,7  мың  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                – 1 595 624,7 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 538 684,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 281 425,5 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 338 366,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. 2025 жылға арналған аудандық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы – 100 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 39 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 0 пайыз;

5) әлеуметтік салық – 39 пайыз.»;

көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2025 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттердің 7 422 212,0 мың теңге сомасында бөлінгендігі ескерілсін. Оларды пайдалану тәртібі аудан әкімдігінің қаулысының негізінде анықталады.»;

көрсетілген шешімнің 1 және 4 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.









Мұнайлы аудандық
мәслихатының төрағасы                                                  Б. Билялов
Дата публикации
06 марта 2025