Ұйымдық құқықтық нысаны: Мемлекеттік мекеме
Меншік түрі: Мемлекеттік
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130006,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы
ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 ғимарат
Мұнайлы ауданы, 2018 жыл
«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер.
Егер «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
1) жұмыспен қамту саласында :
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық қызметтер:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету;
халықты жұмыспен қамту, кедейшілікті төмендету және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге көмектесу арқылы іс-шараларды аймақтық, аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру;
халықты жұмыспен қамтуда азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру;
жұмысқа орналасу сауалдарымен жолыққан азаматтарды қабылдау, есепке алу және тіркеу жүргізу;
жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту және әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
келісімі бойынша жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдау;
ақылы қоғамдық жұмыс жүргізуге кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды таңдау, еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандықтарға даярлау, жұмыссыздардың ақылы қоғамдық жұмыстар мен кәсіби даярлаудан өтуіне шарт жасау;
жергілікті атқару органдарына халықты, соның ішінде, нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін төмендету туралы ұсыныс жасау;
жұмыссыз азаматтарға өзіндік жұмыспен қамтуды және жұмыспен қамтудың басқа түрлерін ұйымдастыруға көмектесу;
еңбек нарығының хал-жағдайы мен болжамы, еңбек нарығы бойынша базалар жиынтығын қалыптастыру.
2) әлеуметтік әріптестік саласында:
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық қызметтер:
өз уәкілеттігі шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету.
3) халықты әлеуметтік қорғау саласында:
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық қызметтер:
әлеуметтік көмекті қажет ететін тұлғаларды анықтау және олардың дербес есебін жүргізу;
азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету және тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыру, отбасыларын қолдау, аналарды, балаларды, мүгедектер мен олардың отбасы мүшелері халықтың басқа да қатарларын қорғау;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемдерін төлеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қажет ететін жеке санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
мемлекеттік және мемлекеттік емес негіздерден тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз қатарларынан, аз қамтылған азаматтар, көп балалы аналар тұрғындардың басқа да әлеуметтік қорғау санатындағы азаматтарға көмек көрсету және есебін жүргізу;
мүгедектерді әлеуметтік, психологиялық-медициналық оңалту, аймақтық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру және олардың қоғамға енуі үшін жүргізілетін негізгі шараларды жүзеге асыру;
ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға отын алуға әлеуметтік көмек көрсету;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын тотырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
«Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын қалыптастырады;
«Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ведомствалық есептілікті қалыптастыру;
аудан бойынша үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше арқылы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың ішінде мүмкіндігі шектеулі өзге адамның көмегін қажет ететін психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының қорытындысы бойынша мүгедек балаларға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
кәмелет жасынан асқан адамдарға қорғаншылық белгілеу әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және денсаулық жағдайы бойынша өз құқығын жүзеге асырып, қорғай алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдарға қорғаншы және қамқоршылық тағайындау;
облыстық, қалалық, аудандық өкілетті органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, мекемелер мен ұйымдар, қайырымдылық қорлары және басқа әлеуметтік-мәдени құрылымдармен зейнеткерлерді, кәмелетке толмаған балалары бар мемлекеттік қолдауды қажет ететін тұрғындардың барлық топтарын қолдау мақсатында қарым-қатынастарды үйлестіру;
ардагерлер мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметтеріне қолдау жасау және көмек көрсету;
қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу;
еңбекақы жүйесі, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларына ақпараттық технологияларды, ақпараттарды өңдеу жүйелерін енгізу, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен шағын бағдарламалардың әкімшісі қызметтерін атқару;
«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сонымен қатар басқа да мекемелерден «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген қызметтерді жүзеге асыру мақсатында құжаттар, қорытындылар, анықтамалар және басқа материалдарды сұрату және қабылдап алуға;
2) атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдарге тапсырылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;
3) халықты жұмыспен қамту сауалдарына тиісті түсініктемелер беруге;
4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу туралы қажетті түсініктемелер беруге;
5) халықты жұмыспен қамту Заңдарының орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асыруға;
6) Заңда қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
7) Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
8) құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мұнайлы ауданы әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізуге;
9) «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен семинарлар ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
10) «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға;
12) «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де талаптарды орындауға міндетті.
3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.
1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
2) Заңға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) бөлім құрылымын әзірлейді және бекітуге аудан әкімдігіне ұсынады;
4) ағымдағы жоспарларды бекітеді;
5) Заңда белгіленген тәртіп бойынша көтермелеу, материалдық көмек көрсету, бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза білгілеу сауалдарын шешеді;
6) өз құзыры шегінде бұйрықтарға, актілерге қол қояды, мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда бөлімнің өкілеттілігін ұсынады;
7) атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну қызметтерін төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімдерге, жергілікті өкілетті органдардың жеке санаттардағы азаматтарға көмек көрсету туралы хаттамаларына, басқа да әлеуметтік төлемдерге жеке қол қояды;
8) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өкілеттілігіндегі өзге де жұмыстарды жүзеге асырады;
9) «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады.
10) «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.