Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес:
- Осы өкімнің 1 қосымшасына сәйкес, Мұнайлы ауданы бойынша 2025 жылы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатын ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің қажеттілік тізбесі бекітілсін.
- Осы өкімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Мұстафаевқа жүктелсін.
- Осы өкім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі Қ. Құлжанов