Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ «Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы №238-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3468 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының                     1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 24 шілдедегі            № 290-НҚ ««Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының       2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»» бұйрығымен бекітілген «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №34809 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мұнайлы ауданының әкімі

 

                   Қ.Құлжанов

Дата публикации
23 января 2025