2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 8 желтоқсандағы №0/00 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 12 274 377,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 121 023,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 43 799,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 5 348,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 3 104 207,8 мың теңге;

2) шығындар – 12 274 377,8 мың теңге;

3) таза  бюджеттік  кредиттеу – 538 684,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 538 684,0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 538 684,0  мың  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                – 538 684,0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 538 684,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу –0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.»;

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы – 100 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 50 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

5) әлеуметтік салық – 50 пайыз.»;

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне 500 000,0 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттердің 3 642 891,8 мың теңге сомасында бөлінгендігі ескерілсін. Оларды пайдалану тәртібі аудан әкімдігінің қаулысының негізінде анықталады.
  3. 2025 жылға арналған аудан әкімдігінің резерві 10 000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. Осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
  5. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мұнайлы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  Б. Билялов

 

Дата публикации
20 декабря 2024