Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17,84 баптарына, Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37 бабына, Мемлекеттік мүлік туралы Заңына және 2023 жылғы 28 шілдедегі Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды іске асыруды алдын ала қарау жөніндегі кеңестің № 01-02/156 санды хаттамасына және «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен Мұнайлы аудандық әкімдігінің бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аумағын кеңейту, инвестицияларды тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, бюджетке салық түсімдерінің түсуін қамтамасыз ету және шағын және орта бизнестің ілеспе салаларын дамыту үшін жеке меншік құқығымен табысталған Ибадуллаев Мырзабек Джаксылыковичтің Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/16 учаскесі (кадастырлық нөмері: 13-203-011-397) жалпы алаңы 95,1582 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
2. «Ақтау теңіз порты» арнай экономикалық аумағын кеңейту, инвестицияларды тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, бюджетке салық түсімдерінің түсуін қамтамасыз ету және шағын және орта бизнестің ілеспе салаларын дамыту үшін жеке меншік құқығымен табысталған Ибадуллаев Алибек Джаксылыковичтің Мұнайлы ауданы, Қызылқұм жері, № 7/3 учаскесі (кадастырлық нөмері: 13-203-007-545) жалпы алаңы 99,0788 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
3. Осы қаулының қосымшасына сейкес, жер учаскелерді мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап 5 (бес) ай мнерзімде, яғни 2025 жылдың 2 мамыры болып белгіленсін.
4. Осы қаулыда көрсетілген меншік иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Мұнайлы ауданы әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
5. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Орынбасаров) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Өтегеновке жүктелсін.
8. Осы қаулы қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.