Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
трансферттер түсімдері бойынша – 6 675 119,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 075 056,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу – 255 361,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 296 012,0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 3 330 417,8 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 256 232,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 221 826,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы – 100 пайыз;
2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 40 пайыз;
3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
5) әлеуметтік салық – 40 пайыз.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттердің 8 287 285,9 мың теңге сомасында бөлінгендігі ескерілсін. Оларды пайдалану тәртібі аудан әкімдігінің қаулысының негізінде анықталады.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мұнайлы аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Билялов