2020 жылдың 1 қыркүйек жағдайына Мұнайлы ауданының әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері бойынша ақпарат

Мұнайлы ауданының халқының саны 173,1 мың адамды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 мың адамға көбейді  (01.08.2019ж. – 167,6 мың адам).  

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі  01.09.2020 ж. жағдайына 29116,1 млн. теңгені құрады (01.09.2019ж. – 34949,2 млн. теңге).

Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері – 89,2% құрады (01.09.2019ж. – 96,2%).

Ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 781,2 млн. теңгені құрады. НКИ – 97,4%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 18257,3 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3077,8 млн. теңгеге азайды (01.09.2019ж. – 21335,1 млн.теңге.). НКИ - 85%.

              Жалпы көлемі 159,4 мың ш.м. тұрғын үйлер іске қосылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен 3,8  мың шаршы метрге азайған (01.09.2019ж – 163,2 мың ш.м.). НКИ – 97,7 %.

Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер – 4887,4  млн.теңгені құрады.(01.09.2019ж. – 4176,3  млн. теңге).  

Құрылыс жұмыстарының көлемі  2716,6  млн.  теңгені  құрады. (01.09.2019ж.-3124,9 млн.теңге). Сәйкесінше, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 85,2% құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымы  01.09.2020ж.- 2 258,9 млн.тенге өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  1439 млн.тенгеге төмендеген. (01.09.2019ж. – 3 697,9 млн.тенге).

2020 жылдың 1 қыркүйек жағдайына 5774 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді (01.09.2019 жылы – 5935). Сәйкесінше, шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 10 327 адамды құрады.

Кәсіпкерлерді қолдау бағытында 306,3 млн.теңге көлемінде 59 адамға кредит тағайындалды (01.09.2019ж. – 35 адам, 192  млн.теңге).

2020 жылдың 1 қыркүйек жағдайына барлық экономикалық қызмет түрлерінің жұмысшыларының орташа жалақысы 203 850 теңгені құрады (01.09.2019 ж. – 164 806  теңге).

         Тіркелген жұмыссыздар саны – 988 адамды құрады (01.09.2019ж. - 2025 адам).

2020 жылдың 1 - ші қыркүйек  жағдайына 2975  жұмыс орны құрылды.

01.09.2020 жыл жағдайына 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрап отыр.

Денсаулық сақтау саласында бала өлімі туылған 1000 сәбиге шаққанда 8,6 промильді құрап отыр. (01.09.2019ж. – 12 промиль). Бала өлімінің басым бөлігі, балалардағы туа біткен ақаулардан (шала туылу, жүректегі күрделі ақау, мидың дамымауы, туа біткен трахеомаляция) анықталып отыр.

1 Ана өлімі тіркеліп, 31,8 промильді құрап отыр. (01.09.2019ж. – 1 ана өлімі тіркелген, 32,7 промиль).

Өкпе ауруына  шалдыққандар (100 мың тұрғынға шаққанда) саны 58 адам, 42 промильді құрап отыр. (01.09.2019ж. – 42 промиль, 57 адам).

ЭСЭР
Дата публикации
01 сентября 2020