ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының талаптарына сай, ағымдағы жылдың қазан айының 5 күні сағат 15.00-де Қызылтөбе әкімшілігінің ғимаратында жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтеді.
- Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланатын болады:
- Қызылтөбе ауылдық округі бойынша қоғамдастық мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу;
- Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған
қаражаттың түсімдері мен шығыстарының жоспарымен келісу;
-Жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.
«Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі