Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2024 жылдың 18 тамызда Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар:
Айтбаев Сауыт Нұрғалиұлына – 43,00%, Алигулов Мақсат Бүркітбайұлына - 15,04%, Байбузов Болат Шаңдыұлына – 38,58%.
Батыр ауылдық округінің әкімі болып Айтбаев Сауыт Нұрғалиұлы сайланды, 1989 жылы туған, Батыр ауылдық округінің әкімі, Батыр ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясымен ұсынылған.