Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкімін сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы

Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 Қаулы №4 күні 10.07.2024 жыл

 

 

 

 

 

Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкімін сайлау кезінде

аумақтық сайлау округін құру туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкімін сайлау кезінде Батыр ауылдық округі аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі аумақтық сайлау округінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                        Б.Сүлейменов

 

Хатшы                                                                                          А.Селиков

                                                  

Дата публикации
10 июля 2024