Мұнайлы ауданы әкімдігінің бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін   келесі салалар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:  энергетика; экономика, қаржы және бюджетті жоспарлау; дене шынықтыру және спорт; адам ресурстарын басқару /HR/; туризм; еңбек қатынастары және әлеуметтік қамсыздандыру; көлік және логистика; сауда; құрылыс, сәулет және жер қатынастары; кәсіпкерлік; құқық; қорғаныс; мобилизациялық дайындық; мәдениет, өнер және тілдерді дамыту; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мемлекеттік қызметтер; ішкі саясат; мұрағат ісі және құжатты қамтамасыз ету; жол; талдау және мониторинг; материалды-шаруашылық қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу.  

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және электрондық поштасына e.aimurzayeva@mangystau.gov.kz еңбек  жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер: 2024 жылдың 10 шілдесі мен 12 шілдесі сағат 17.00 аралығы аралығы.

 

 

Дата публикации
09 июля 2024