Мұнайлы ауданы әкімдігінің жалпы конкурс туралы хабарландыруы
(2024 жылдың 26 сәуірі мен 06 мамыры аралығында)
Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
E-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
Е-3 |
305 232 |
350 615 |
«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы e.aimurzayeva@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы. Санаты Е-3, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына басшылық жасап, үйлестіруге; Терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларының жобасын әзірлеу, комиссияның отырысын дайындау және өткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті материалдар мен ақпараттарды сұрату және комиссияға ұсыну, комиссияның есептерін, отырыс хаттамаларын, анықтамаларын, ақпараттық-талдамалық материалдарын облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратына мерзімінде жолдау. Аудандық терроризмге қарсы комиссияның іс-қағаздары мен материалдарының жүргізуін жүзеге асыру; Аудандық терроризмге қарсы комиссияның мүшелерінен ұсынылатын мәліметтерді тексереді және де тиісті ұсыныстар енгізу; Келіп түскен хаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және бақылау жасау; Іс қағаздарын бекітілген номенклатураға сәйкес жүргізеді және уақытылы мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету. Ауданның қоғамдық-саяси ахуалы мен оперативтік жағдайы туралы күнделікті басшылыққа белгіленген тәртіп бойынша баяндап отыру. Өз құзыреті шеңберінде және міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша мекемелерді тексеру жұмыстарына қатысады және де тексеру; Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың аудан бойынша орындалуына бақылау жасау және мониторинг жүргізу. Аудан аумағындағы діни бірлестіктермен байланыс орнату. Діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуының алдын-алу бағытында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау, әдістемелік көмек көрсету. Діни көзқарасына байланысты білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасын киюден және медициналық вакцинациялаудан бас тартқан азаматтарды анықтау түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан тұрғындары соның ішінде жастардың деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстарға бақылау жасау, түрде жүргізілуін қамтамасыз ету. Деструктивті діни ағымды ұстанатын азаматтарды оңалту бағытында теолог мамандармен кездесуін ұйымдастыру. Деструктивті діни ағымды ұстанатын азаматтардың әлеуметтік паспортын жасақтау. Деструктивті діни идеологияға әсер ететін негізгі факторларды жою бойынша жұмыстар жүргізу. Террористік тұрғыдан осал объекті басшыларының, Маңғыстау облысы аумағында терроризмге қарсы дайындықтық бірыңғай күнін өткізу тәртібіне сәйкес ісшаралардың ұйымдастыруын бақылау және аудан бойынша терроризмге қарсы дайындықтық бірыңғай күнін өткізілуі жөнінде облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратына ақпарат жолдау. Аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне жататын нысандар бойынша облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратына ұсыныс дайындау. Аудандық ақпараттық қажеттіліктер тізбесіне сәйкес, мемлекеттік органдардан ай сайын ақпараттар жинақтап аудандық терроризмге қарсы комиссия төрағасына анықтамалық ақпарат жасақтау және облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратына жолдау. Өзара хабарландыру және хабардар ету жүйесін тексеру бойынша ай сайын ішкі істер бөлімінен түскен ақпаратқа сәйкес, аудандық материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының мүшелеріне хабарлау және ақпаратын ішкі істер бөліміне жолдау. «e-Otinish» ақпараттық жүйесімен өтініш берушімен кері байланыс ұстау арқылы өтініштерді уақылы қарау және жауап беру; Цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар атқару. Мұнайлы ауданында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізуге; Мұнайлы ауданындағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік - экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау мен болжауға; Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға; Мұнайлы ауданының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіруге; Қазақстан Республикасы діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2016- 2020 жылдар аралығындағы мемлекеттік бағдарламасымен, 2021-2025 жылдар аралығындағы «Қауіпсіз ел» ұлттық стратегиялық жобасы және Мұнайлы ауданы әкімінің 2021-2025 жылдарға арналған жұмылдыру жоспарымен жұмыс жасауға; Құпия іс қағаздарын жүргізу және орындалуын бақылау
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); Бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік саясат); Педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері, алғашқы әскери дайындық, бастапқы әскери және дене шынықтыру даярлығы, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру); Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны инженерлік қорғау, төтенше жағдайларда қорғау, ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс, әскери іс, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік); Өнер және гуманитарлық ғылымдар (дінтану, теология, исламтану); Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, психология, конфликтология, халықаралық қатынастар); Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 3 тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
|
|
Б" корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
|
____________________________ |
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________
Байланыс телефондары: _______________________________________
e-mail: ______________________________________________________
ЖСН: ______________________________________________________
_________ _________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________
|
||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ Подпись кандидата |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады