«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. Санаты Е-R-2, 1 бірлік.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің ішкі конкурс туралы хабарландыруы

 

(2024 жылдың 26-30 сәуір аралығында)

 

Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-R-2

305 232

350 615

 

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы e.aimurzayeva@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. Санаты Е-R-2, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруды ұйымдастыру. Аудан тұрғындарын, кәсіпорындар мен мекемелерді, әлеуметтік объектілерді сумен, жылумен, отынмен, жарықпен, газбен қамту, транспорт, жолаушылар тасымалы мәселелері, тұрғын үй қорын жөндеу, қысқа әзірлеу, төтенше оқиғаларды  алдын алу, жедел қызмет түрлерінің жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлімнің және бөлім қарамағындағы коммуналдық кәсіпорындардың қызметтеріне жалпы бақылау жасау. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару жұмыстарын жүзеге асыру. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, көлік инфрақұрылым объектілерін, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау, жарықтандыру, абаттандыру және көгалдандыру бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыруды бақылау. Аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу, жарықтандыру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекiтуді ұйымдастыруды бақылау. Жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, аудан маңындағы және ауданішілік тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру, өткiзу және жеңіп алған тасымалдаушылармен шарттар жасақтауды бақылау.   Жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, аудан маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарының кестелерін бекiтуді бақылауды ұйымдастыру. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру, жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізуді бақылау. Тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізуді бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзырлы органдармен келісе отырып жолаушыларды отырғызатын және түсеретін пункттерді белгілеу, аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен ауылішілік көшелерге жол белгілерін қою, жасанды жол кедергісін орнату, автомобиль және жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарды сызу жұмыстарын жүзеге асыруды бақылау. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлық конкурстарды мерзімінде ұйымдастыру, әлеуетті өнім берушілермен келісім-шарт жасақтау және келісім-шарт талаптарының мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Заңның тиісті тәсілдерін қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың құжаттарды жасақтап, тиісті құжаттардың веб-порталға уақытылы орналастыру. Аудан әкімінің қаулысы негізінде белгіленетін соммадан асатын мемлекеттік сатып алуларды және одан туындайтын шараларды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде бөлімнің қызметін заң талаптарын негізге ала отырып, толық көлемде сапалы және уақытылы жүзеге асыруын қамтамасыз етуге жауапты. Тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық (аукциондық) комиссияларды құру арқылы уәкілетті орган айқындайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне сәйкес жүзеге асыруды ұйымдастыру. Уәкілетті орган айқындайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне сәйкес, оларды жеткізу (орындау, ұсыну) орнына қарамастан, біртекті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді бір лотқа біріктіру арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру. Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуге берген тапсырманы орындалуын ұйымдастыру. Конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ конкурстық немесе аукциондық комиссиялардың құрамын өзгерту туралы бұйрықтың жобасының жасақтауын қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Бөліммен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың конкурстық комиссияларына төрағалық ету және комиссия құрамында болып, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа/аукционға қатысуға өтінімдерді олардың біліктілік талаптарына және конкурстық/аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін веб-портал арқылы қарап, мемлекеттік сатып алу туралы заңда көзделген шектеулердің болдырмауын қамтамасыз ету. Веб-порталда конкурсқа/аукционға қатысуға алдын-ала жіберу туралы хаттаманы қалыптастыруды және жариялануды қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Біліктілік талаптары мен конкурстық/аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсына/аукционына қатысуға өтінімдерді қайта қарауды ұйымдастыру. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда әлеуметті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талаптарды сотқа жіберілуін ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу процедураларының мониторингін жасауды қамтамасыз ету. Мердігер мекемелермен жұмыстар жүргізу. Бөлім қызметкерлері арасында әдеп нормаларының сақталуын үйлестіру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шараларын ұйымдастыру. Цифрландыру бойынша тиісті шараларды ұйымдастыру. «Easy Project» кроссплатформасында іске асырылатын жобалардың уақытылы сапалы енгізілуін, орындалуын қадағалау. Өзінің қызметі бойынша жылдық жұмыс жоспарының жобасын жасақтап, бөлім басшысына бекітуге ұсыну.  Бөлімнің қызмет ету аясында қолданылатын  мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті деңгейде орындалуына аудан бойынша жауап беру. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді орындау барысында жұмыстарды ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер аясында халықты ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Бөлімнің атқаратын қызметі аясындағы барлық  есептіліктіліктердің сапалы, уақытылы қалыптастырылып, құзырлы органдарға табысталуын ұйымдастыру. Бөлім басшысы шығаратын бұйрықтардың заңдылығын тексеру және бақылау.  Өз саласы бойынша берілген тапсырмаларға және келіп түскен құжаттарға, хаттарға уақытында жауап беру, бақылау жасау.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін сақтау. Бөлім мүддесін өзге мемлекеттік органдарда, сот органдарында білдіру. Орындаушылық тәртіпті нығайту, облыс және аудан әкімінің, сондай-ақ бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының, бақылау хаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу мерзімдерін қатаң сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі; көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; логистика (сала бойынша); көлік қызметтері; тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару; гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); Бизнес, басқару және құқық (құқықтану; экономика; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару;  мемлекеттік саясат; мемлекеттік басқару; халықаралық құқық; бағалау; өңірлік даму); Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (механика; математика; экология; гидрология; техникалық физика; гидрогеология және инженерлік геология; геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару; биологиялық және сабақтас ғылымдар); Өнер және гуманитарлық ғылымдар (сурет өнері;  мүсін өнері;  арт-менеджмент; дизайн); Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; машина жасау; электр энергиясын өндіру мен таратуды автоматтандыру;  автоматтандыру және басқару; сәулет; құрылыс; материалтану және жаңа материалдар технологиясы;  аспап жасау; жылу энергетикасы; технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша); көлік құрылысы; инженерлік жүйелер мен желілер; көлік; көлік, көлік техникасы және технологиялары;  электр энергетикасы; автомобильдер және автомобиль шаруашылығы; автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану;  жылу-энергетикалық процестерді автоматтандыру;  қала құрылысы және шаруашылық; жылумен, газбен жабдықтау, желдету және ауа бассейнін қорғау;  тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте басқару;   коммуналдық құрылыс және шаруашылық;   сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау;   инженерия және инженерлік іс;  стандарттау және сертификаттау (сала бойынша);   гидротехникалық құрылыс және ғимарат;   инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен, бекітілген тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн  ішінде растаған мемлекеттік қызметшінінің қызметтік тізімі.(2-қосымша)

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Мекен жайы: ____________________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________________

e-mail: _________________________________________________________________

ЖСН: __________________________________________________________________

 

________________                                                                        ______________________________

(қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 158 Бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiмі Послужной список государственного служащего

Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) ________________________________________________

фото
түрлі түсті,
30х40 мм

Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория __________________________________________________________________

ЖСН / ИИН 1 _______________________

Туған кезі / Дата рождения

 

Туған жері / Место рождения

 

Ұлты / Национальность

 

Білімі / Образование

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы / Специальность

 

Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали

 

Арнайы тексеру нәтижелері/
Результаты специальной проверки

 

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год)

 

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений

 

Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж

 

Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим

 

Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы

 

Отбасылық жағдайы / Семейное положение

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған / приема

босатылған / увольнения

     
   

Жүктеу

         

      Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы): _______________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 апреля 2024