Мұнайлы ауданы әкімдігінің ішкі конкурс туралы хабарландыруы
(2024 жылдың 26-30 сәуірі аралығында)
Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
Е-R-3 |
263 131 |
302 255 |
«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы e.aimurzayeva@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі. Санаты Е-R-3, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру. Бөлімнің тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы секторының (бұдан әрі – сектор) жұмысын ұйымдастыруға және жалпы басшылық жасау. Аудандық тұрғын үй комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) комиссия қарауына ұсынылатын құжаттардың нақтылығы мен олардың заң талаптарына сәйкес уақытылы рәсімделуіне, комиссия отырыстарын ұйымдастыру және мүшесі ретінде қатысу. Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарды қабылдау, олардың тізімдері бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Мекеме теңгеріміндегі жатақханалардың, коммуналдық тұрғын үй қорына енетін пәтерлердің жай-күйін бақылау, мемлекеттік тұрғын үй қорына енетін пәтерлерді сату-сатып алу, жалдау, жекешелендіру шарттарын жасақтап, бөлім басшысына ұсыну. Жалдау шарттарының талаптарының орындалысын қадағалау, тұрғындардың төлемдерді уақытылы енгізуін бақылау жұмыстарын жүргізу, жалдау шарты талаптарын бұзған, төлемдерді уақытылы енгізбеген азаматтарға қатысты заң талаптарына сәйкес туындайтын шараларды қабылдау. «Мемлекеттік мүлік тіркелімі» жүйесінде жалдау шарттарының, олар бойынша төлемдердің уақытылы, сапалы тіркелуін қамтамасыз ету. Өз саласына қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді орындау барысында жұмыстарды ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер аясында халықты ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Заң талаптарына сәйкес бөлім қызметкерлерiнiң жеке iс құжаттарын дайындау, сақтау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты рәсімдерді жүргізу және уақытылы құзыретті органдарға орындалысы туралы ақпаратты жолдауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Мемлекеттік қызметшілерді бағалауының жүргізілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеп, бөлім басшысына ұсыну. Өзінің қызметі бойынша жылдық жұмыс жоспарының жобасын жасақтап, бөлім басшысына бекітуге ұсыну. Бөлім қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және тағайындау жұмыстарын ұйымдастыру. Атқаратын қызметі аясында ақпараттық бағдарламалармен жұмыс жасау, сондай-ақ тиісті есептіліктіліктерді сапалы, уақытылы қалыптастырып, құзырлы органдарға табыстауды қамтамасыз ету. Елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыруды бақылау. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқаруға, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруды бақылау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Кондоминиум объектілерін құжаттандыру, тіркеу және бағдарлама бойынша тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында шараларды ұйымдастыру, кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасақталуын бақылау. Объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын қадағалау. Цифрландыру бойынша тиісті шараларды ұйымдастыру. «Easy Project» кроссплатформасында іске асырылатын жобалардың уақытылы сапалы енгізу. Өз саласы бойынша берілген тапсырмаларға және келіп түскен құжаттарға, хаттарға уақытында жауап беру, бақылау жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі; көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; логистика (сала бойынша); көлік қызметтері; тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару; гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); Бизнес, басқару және құқық (құқықтану; экономика; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; мемлекеттік саясат; мемлекеттік басқару; халықаралық құқық; бағалау; өңірлік даму); Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (механика; математика; экология; гидрология; техникалық физика; гидрогеология және инженерлік геология; геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару; биологиялық және сабақтас ғылымдар); Өнер және гуманитарлық ғылымдар (сурет өнері; мүсін өнері; арт-менеджмент; дизайн); Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; машина жасау; электр энергиясын өндіру мен таратуды автоматтандыру; автоматтандыру және басқару; сәулет; құрылыс; материалтану және жаңа материалдар технологиясы; аспап жасау; жылу энергетикасы; технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша); көлік құрылысы; инженерлік жүйелер мен желілер; көлік; көлік, көлік техникасы және технологиялары; электр энергетикасы; автомобильдер және автомобиль шаруашылығы; автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану; жылу-энергетикалық процестерді автоматтандыру; қала құрылысы және шаруашылық; жылумен, газбен жабдықтау, желдету және ауа бассейнін қорғау; тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте басқару; коммуналдық құрылыс және шаруашылық; сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау; инженерия және инженерлік іс; стандарттау және сертификаттау (сала бойынша); гидротехникалық құрылыс және ғимарат; инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен, бекітілген тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінінің қызметтік тізімі.(2-қосымша)
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________________
e-mail: _________________________________________________________________
ЖСН: __________________________________________________________________
________________ ______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
|
Қазақстан Республикасы |
|
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) ________________________________________________ |
фото |
|||
|
Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория __________________________________________________________________ |
||||
|
ЖСН / ИИН 1 _______________________ |
||||
|
Туған кезі / Дата рождения |
||||
|
Туған жері / Место рождения |
||||
|
Ұлты / Национальность |
Білімі / Образование |
|||
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
||||
|
Мамандығы / Специальность |
||||
|
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание |
|||
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали |
||||
|
Арнайы тексеру нәтижелері/ |
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год) |
|||
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений |
|||
|
Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж |
Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим |
|||
|
Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы |
Отбасылық жағдайы / Семейное положение |
|||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации |
|||
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|||
|
Жүктеу |
||||
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы): _______________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц