Бүгінде әлеуметтік желілерде «Құлсары магистральды желілерінің үзілу қауіпі бар. Ол үзілсе барлық Маңғыстауға келіп отырған байланыс та үзілетін болады. Банкоматтар жұмыс жасамай қалу қауіпі бар. Сол себепті банк карточкаларыңыздағы ақшаларыңызды қолма-қол ақшаға аударып қойғаныңыз дұрыс. Клиенттердің пенсия пособияларын уақытылы толықтай табыстап тастаңыздар» деген жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.